Ақбөкен – ресурс па әлде зиянкес пе?
Батыс Қазақстан облысының өзінде киіктердің көптігінен зардап шегетін жергілікті шаруа қожалықтарының, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізілуде.Көктемде төлдеуге дейін жүргізілген киіктер санаңынын нәтижелері бойынша Жайық популяциясы биылғы жылғы төлдерді есепке алмағанда 801 мың басты құрайды – бұл киіктер үшін ең қолайлы кеңес жылдарындағыдан екі есе көп. 2015 жылғы жаппай қырылудан кейін, сол кездегі ең көп Бетпақдала популяциясының 90% жуығы жойылып кеткен болатын, жеті жыл ішінде Жайық популяциясының саны шамадан тыс көбейді. Бетпақдала популяциясы да жақсы қарқынмен қалпына келуде және бүгінгі күнгі саны жарты миллионға жуық. Ең көп өсімді Үстірт популяциясы көрсетіп отыр: егер 2015 жылы ол жойылып кетуге аз қалған болса, жеті…



