Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

«Тағдырын іздеген екеу» мелодрамасын көріңіз

Им Су Чон, Гон Ю, Чхон Хо Чжин – фильмнің басты кейіпкерлерін сомдайды.

«Тағдырын іздеген екеу» - әйгілі мюзиклге құрылған романтикалық комедия. Фильмде Со Чжу Ву атты бойжеткен жас кезінде Үндістанда кездейсоқ кездестірген алғашқы махаббатын тағы кездестіруді армандайды. Ким Чжон Окты  ұмыта алмай жүрген ол детектив агенттігіне баруға бел байлайды.

Дәл осы уақытта Хан Чжи Юн «Сіздің алғашқы махабатыңызды тауып береміз» деген жеке агенттік ашады. Ал, Со Чжу Ву сол агенттіктің алғашқы клиенті еді.

Режиссер Чан Ю Чжонның фильмінде басты кейіпкерлерді Им Су Чон, Гон Ю, Чхон Хо Чжин сомдайды.

Қызыққа толы комедияны бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:50-де тамашалай аласыздар.

0
0
177

«Ғасырлар сазы». Еділ Құсайыновтың шығармашылық кеші

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 13:30-да көре аласыздар. Еділ Құсайынов – қазақтың музыкалық көне аспаптарын шебер меңгерген сазгер, фольклор зерттеушісі. Ол жетіген, сыбызғы, сазсырнай, қамыс сырнай, шаңқобыз аспаптарымен қатар көмеймен ән айтудың әзірше теңдесі жоқ жалғыз шебері. Әнші оқуды аяқтап, «Отырар сазы» оркестрінде қызметте жүрген шағында музыка зерттеушісі Болат Сарыбаев кішкентай ғана сазсырнай аспабын сыйға тартқан. Симфониялық оркестрде жүрген жас музыкант «жұдырықтай сазсырнайдан қандай әуен шығуы мүмкін», деп таң қалғанын, әуелі менсінбегенін айтады. «Кейін құйқылжыған тылсым дауысын естігенде менің өмірімнің арнасы өзге бағытқа бір сәтте бұрылып сала берді»,-дейді композитор Еділ Құсайынов. Ұлттық музыка өнерін насихаттап жүрген әншінің «Ғасырлар сазы» атты шығармашылық кешін…

0
0
514

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының бейнеқорынан. «Айтыстан үзінді»

Бүгін 12:15-те көріңіз.

Айтыс өлеңдерінің әдебиет тарихынан алатын орны мен мәні ерекше. Өйткені, бұл өнер аса бай халық әдебиетінің ертеден-ақ өнімді де арналы жеке бір саласын құрап келді. Тіпті, ол бүгінгі өмірімізді бейнелеуге де елеулі үлес қосып отыр.

Сол себепті, еліміздің рухани өмірімен ертеден біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан қайталанбас өнер ұлттық мақтаныш ретінде бағалануы тиіс.

Ұлттық арнаның алтын қорында сақталған түрлі айтыстардың үздік үзіктерін бүгін 12:15-те тамашалай аласыздар.

0
0
341

Ұлттық арнада — «Баламен бетпе-бет»

Бүлдіршіндердің шынайы сұхбатын бүгін сағат 11:05-те көріңіз.

Сәбидің өз әлемі бар. Олар өтірік айту, қулаққа басу дегенді білмейді. Ересектерге қарағанда, ойындағысын бүкпесіз айтады.

Олар үшін бәрі қызық. Қоршаған ортаның  әрбір жаратылысына қызыға қарайды. Оны өздігінше зерттеп-білуге тырысады.

Алмас Кішкенбаев әр жексенбі сайын студияның кішкентай қонақтарымен бетпе-бет кездеседі. Түрлі сұрақтар қойып, пікір алмасады.

Бүлдіршіндердің шынайы сұхбатын бүгін Ұлттық арнадан сағат 11:05-те көріңіз.

0
0
477

«Ақсауыт» Әскери-патриоттық бағдарламасында Ұлттық Ұланның сарбаздары

«Ақсауыт» бағдарламасын бүгін сағат 09:00-де көріңіз.

Әскери бағдарламаның бүгінгі шығарылымынан Астана қаласында орналасқан Ұлттық Ұланның сарбаздарының Елорда қоғамдық тәртібін қадағалау қызметін көре аласыздар.

Сондай-ақ, бағдараламадан сарбаздардың қоғамдық тәртіптің бақылауымен қатар, Ұлттық Ұланның күнделікті тыныс-тіршілігімен, атқарған іс, жеткен жетістіктерімен таныса аласыздар.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – жастар арасындағы отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға, олардың патриоттық сана-сезімінің оянуына ықпал ету.

0
0
313

«Поэзия әлемінде» — Индира Кереева

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толығырақ бүгін Ұлттық арнадан сағат 13:45-те біле аласыздар. Жырлары нәзік иірімге толы, жүрекке жылылық сыйлайтын жастар арасындағы поэзияда өзіндік орны бар ақын қыздардың бірі – Индира Кереева. 1986 жылы 6 тамызда Ақтөбе облысы, Темір ауданында дүниеге келген. Мамандығы - журналист. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Ақтау қаласында өткен Қашаған Күржіманұлының 170 жылдық мерейтойына байланысты өткен «Қайыртпай кеткен Қашаған» республикалық жас ақындар мүшәйрасының жүлдегері. 2012 жылғы XV Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты. «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша 2013 жылы жарық көрген «Дауыстар диалогы» атты жыр жинағының авторы. Индираның ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы т…

0
0
1617

«Адал достық» драмасын көріңіз

Режиссер Хён-Чхоль Канның фильмін бүгін 14:15-те тамашалай аласыздар.

На Ми тұрмыстағы әйел. Сұлу қызы бар. Бақытты өмір кешуде, бірақ, сонда да бір нәрсеге алаңдап тұрады.

Бір күні ауруханада жиырма бес жыл бойы көрмеген сыныптасын кезіктіреді. Қатерлі ісік ауруына шалдыққан, небәрі бірнеше апта өмірі қалған құрбысы мектепте бірге оқыған  құрбы-құрдастарымен кездестіруін өтінеді.

Фильмде басты кейіпкерлерді Ю Хо Чжон, Шим Ын Кён, Чин Хи Гён сынды актерлер сомдайды.

0
0
323

«Сенбілік кездесуде» — Ермахан Ибраимов

Чемпионның жақындары мен жолдастарының сұхбатын бүгін Ұлттық арнадан сағат 21:00-де көре аласыздар. Ермахан Ибраимов, дегенде елең етпейтін қазақ жоқ. Кезінде шаршы алаңда жасындай жарқылдап, Сиднейде Алаштың мерейін асқақтатқан батыр. Бала күнінен Серік Қонақбаев, Жақсылық Үшкемпіровтерге еліктеп өскен ол: «1980 жылы Мәскеу Олимпиадасы өтті. Осы байрақты бәсекеде даңқты боксшы Серік Қонақбаев ағамыз күміс жүлдегер атанды. Бала болсақ та теледидардың алдына отырып алып, ағамыздың боксын тамашалаймыз. Жақсылық Үшкемпіров чемпион атанды. Сол уақыттағы балалар біледі, осы ағаларымыз өздерінің жеңістерімен қазақтың көптеген қара домалақтарының жүректеріне арман отын маздатып кетті»,-деп еске алады. Чемпионның спортқа деген алғашқы қадамы қалай басталды? Жолындағы кездескен кедергілерге қалай…

0
0
339

Ұлттық арна балаларға базарлық ұсынады

Бүгін 10:40-та «Немо» мультфильмін көріңіз.

Тропикалық аймақтағы теңізде Марлин атты балық өмір сүреді. Оның Немо есімді ұлы  бар-ды. Әкесі  өмірдегі болмай қоймайтын қауіп-қатерлерден ұлын барынша сақтандыруға тырысады.

Алайда, Немо өздерін  қоршаған кедертастардың құпия сырын білмек болып жүріп,  ашық мұхитқа шығып кетеді. Нәтижесінде түрлі қызықты бастан кешіреді.

Режиссерлер Эндрю Стэнтон, Ли Анкричтің «Немо» атты мультфильмін бүгін Ұлттық арнадан сағат 10:40-та тамашалай аласыздар.

0
0
252

«Қазақстан дауысы» – вокалға қайта оралу

«Қазақстан дауысы» танымал вокалдық жобасының ІІІ маусымы басталуына да бір күн қалды. Бұған дейінгі II маусымның рейтингі жоғары болды. «Қазақстан дауысы» тележобасы 2014 жылғы отандық телевизиядағы танымал шоулардың үздік ондығына енді. Аталған жоба Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас таланттардың жолын ашуға мүмкіндік беретін музыка және шоу-бизнес әлеміндегі маңызды оқиғалардың бірі. Жаңа маусымда барлығын да толғандырған басты сұрақ: болашақтағы шығармашылық жоспарларға байланысты жобадан кеткен Медеу Арынбаевтың орнын кім басады? Үміткерлер көп болды. Бірақ әншінің орнына танымал музыкант, әрі әнші Рүстем Нұржігіт келді. Рүстем эстрадамыздағы жарық жұлдыздардың бірі. Өзінің даралығымен, харизмасымен ерекшеленген тұлға. «Жаңаша» леп беретін әншінің пікірі байқауға қатысушылар м…

0
0
1083