Бейбіт Қойшыбай – 70 жаста
Бейбіт Қойшыбай Алаш тарихындағы ақтаңдақтарды ашуға зор үлес қосты. Биыл тарихшы, жазушы Бейбіт Қойшыбай 70 жасқа толып отыр. Ғалым Алаш қозғалысын зерттеуге саналы ғұмырын сарп етті. Көптеген көркем, танымдық, деректі туындылар жазды. Тарихты жаңаша пайымдауға тырысқан еңбектерін оқырман қауым жоғары бағалады. Алматыда өткен ғылыми конференцияда қаламгердің жарты ғасырлық шығармашылығы талданды. Келелі ойлар айтылып, тың пікірлер қорытылды. «Бір кітабында өзі айтады: «Мен Алаш қозғалысына атсалысқан 27 қаламгердің өміріне қалам тарттым»,-дейді. Бұл – жазушының Алаш идеясын насихаттауда өзіндік орны, өзіндік қаламы бар екенін көрсетеді»,-дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді. Бейбіт Қойшыбай Алаш тарихындағы ақтаңдақтарды ашуға зор үлес қосты. «Әділет» тарихи-ағарту…



