Өлшемнің өлшемін білесіз бе?
«Қарыстан сүйем жақын». Мағынасын шамалай аласыз ба? Толығырақ тоқталмас бұрын бір елі 1-1,5 см болатынын айта кеткен жөн. Мұзафар Әлімбаев «Көне өлшемдер» атты өлеңінде былай түсіндіреді: Сүйем деген немене? Жүрген елдің ойында, Ескі өлшемдер мол екен. Бір сызықтың бойында, Созсақ сұқ қол, бармақты- Сүйем деген сол екен. Қарыс деген немене? Жүрген елдің ойында, ескі өлшемдер мол екен. Бір сызықтың бойында, Бармақ пен ортан қолыңды, Созсаң өлшей қоюға- Қарыс деген сол екен. Екі сөз де дене мүшелерін ұзындық өлшем ретінде қолданғаннан туындаған. Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақтың екінші буынын бүккендегі 17-18 см қашықтық. Сынық сүйем – бүкпегендегі аралықты айтамыз. Киіз үйдің уығы 12-16 қарыс мөлшерінде жасалады. Бас бармақ пен шылдыр шүмектің созылуын, 20-22 сантиметрді «қарыс» деп ат…

