Мазмұнға өту
QazAgym
QazAgym

QazAgym

599 жазбалар50 тіркелуші

Әр қазағым — жалғызым!

Ұлттық рухтың жаңа белесі Астанада CISM Әлем чемпионаты басталады

Елорда төрінде тарихымызда тұңғыш рет әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен CISM Әлем чемпионатының шымылдығы түрілмек. Бұл – тек спорттық жарыс емес, ұлттық рух пен жауынгерлік жігерді тоғыстырған айтулы оқиға.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында: «Ұлттық спорт түрлері – біздің мәдени бірегейлігіміздің ажырамас бөлігі және сау ұлт тәрбиесінің маңызды элементі», – деп атап көрсеткен болатын.Президент тапсырмасымен биыл қабылданған «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңның жаңа редакциясында қазақ күресі олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлерімен қатар басым спорт түрі мәртебесіне ие болды. Бұл оның болашақта халықаралық деңгейде дамуына жаңа жол ашады деп күтілуде.Астанадағы жаһандық додаға арнайы келген елдердің қатарында Пәкістан,…

0
0
181

Ақмола облысының аграршылары табысты жиын-терімге дайындалуда

Ақмола облысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңір әкімдігінің ұйымдастыруымен республикалық БАҚ өкілдерінің қатысуымен пресс-тур өтті. Журналистер заманауи агротехнологиялармен, егін жинау науқанына дайындық барысымен танысып, мемлекеттік қолдаудың ауыл тұрғындарына өндірісті дамытуға қалай көмектесіп жатқанын білді.Зеренді ауданындағы «Викторовское» ЖШС 23,6 мың гектар жерді өңдейді, оның ішінде 17,8 мың гектары — егістік, 6,8 мың гектары — жайылым. Егіс құрылымында бидай, арпа, сұлы, бұршақ дақылдары, зығыр, рапс және малазықтық шөптер бар. Мұнда заманауи техника паркі, астық кептіргіш, механикаландырылған ток және тіпті өз наубайханасы да жұмыс істейді. Маусым кезінде 200-ге дейін адам еңбек етеді.Кәсіпорын мемлекеттік қолдау шараларын белсенді пайдаланады, жеңілдетілген жанар-…

0
0
156

Астық пен ұн экспорты 12,4 млн тоннаға жетті

Жаңа өнімнің астығы мен ұнының экспорты оң динамика көрсетуде.«ҚТЖ» деректері бойынша (2024-2025 жылдардың қыркүйек–шілде айлары) астық пен ұнның астық эквивалентіндегі экспорты 12,4 млн тоннаны құрады, бұл 2023/2024 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 34%-ға жоғары (9,3 млн тонна).Жаңа өнімнің астық және ұн жеткізілімі айтарлықтай өсті: Өзбекстанға – 28,2%-ға (3 384 мың тоннадан 4 338 мың тоннаға дейін), Тәжікстанға – 39,2%-ға (1 039 мың тоннадан 1 446 мың тоннаға дейін), Қырғызстанға – 2,5 есеге (156 мың тоннадан 398 мың тоннаға дейін), Иранға – 17,3 есеге (56 мың тоннадан 974 мың тоннаға дейін), Әзербайжанға – 120 есеге (6 мың тоннадан 723 мың тоннаға дейін).2024-2025 жылдардағы маусымның негізгі жетістігі – экспорт географиясының кеңеюі және жаңа нарықтарға шығу.Қазақстан алғаш рет б…

0
0
163

«Цифрландыру – мұраны сақтау кепілі» – Аида Балаева

«Цифрландыру – мәдениет саласының болашағын айқындайтын басты бағыттардың бірі. Бұл тек есеп жүйесін жаңарту емес, бұл – ұлттық мұраны сақтап, оны әлемдік айналымға шығарудың, келер ұрпаққа жеткізудің заманауи жолы»,  – деді Аида Балаева «Айқын» газетіне берген сұхбатында.Аида Балаева қазір әлем елдері пайдаланып отырған цифрлық мүмкіндіктер – өнер мен мәдениетке шекарасыз қолжетімділік екенін атап өтіп, мәдени мұраларды цифрландыру жұмыстары елімізде қалай жүзеге асып жатқаны туралы айтып берді.Министрдің айтуынша, соңғы жылдары мәдениет объектілерін цифрлық форматқа көшіру, автоматтандырылған жүйелерді енгізу бағытында нақты қадамдар жасалып жатыр.Биыл Қазақстан музейлерінің бірыңғай виртуалды алаңы – E-museum веб-порталы іске қосылмақ. Бұл платформа арқылы әлемнің кез келген нүкте…

0
0
180

2025 жылдағы ақпарат саласы: БАҚ-ты тіркеу, құқыққа қайшы контентпен күрес және телеөндірісті дамыту

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылдың I жартыжылдығы бойынша қорытындыларды ұсынады. Медиа саланы дамытудың негізгі бағыттарына назар аударсақ. Атап айтқанда, БАҚ-ты тіркеу мен жаңарту, құқыққа қарсы контентпен күрес, халықаралық ынтымақтастық, бірлескен жобалар және тарату аясын кеңіту мәселелері қарастырылады.🔘БАҚ-ты тіркеуРеспубликада барлығы 4 871 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Оның ішінде 3 002 мерзімді басылым (газет, журнал), 236 телеарна, 98 радио, 1 231 ақпарат агенттігі мен онлайн-басылым бар. 2025 жылдың I жартыжылдығында БАҚ реестрі жаңартылып, ел аумағында 140 БАҚ қызметін тоқтатып (59 газет, 62 журнал, 19 интернет-басылым), тіркеуден шығарылды.🔘«Құқыққа қайшы контент» таратуға қарсы шараларЖыл басынан бері интернет желісінен 74 130 заңға…

0
0
165

«Jas Keñes Siyligi» байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда

2025 жылдың 20 маусымынан 20 шілдесіне дейін «Jas Keñes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр.«Jas Keñes Sıylığı» – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен 2024 жылы құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы. Бұл сыйлық еліміздің экономикасы мен қоғамдық өміріндегі негізгі салаларда белсенді жас мамандарға табысталады.Сыйлыққа Қазақстан Республикасының 35 жасқа толмаған (35 жас қоспай алғанда) азаматтары қатыса алады. Байқауға қатысуға өтінімді https://www.jas-kenes.kz/application сайтында беруге болады.Конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады. Әр номинация бойынша 2 жеңімпаздан, барлығы 20 жеңімпаз анықталады. Байқаудың жүлде қоры – 20 миллион теңге (әр жеңімпазға 1 миллион теңгеден).Өткен жылмен салыстырғанда биыл жас ғалы…

0
0
152

ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді

Шомылу маусымында судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ТЖМ қызметкерлері белсенді профилактикалық жұмыс жүргізуде. Құтқарушылар балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударады.

Су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың көпшілігі рұқсат етілмеген және жабдықталмаған су көздерінде болады. Әрбір азамат су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы тиіс.

Еліміздің су айдындарында адамдардың қаза болу фактілерін болдырмау және азайту мақсатында ТЖМ судың жанында болған кезде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.

🖥 Толығырақ ҚР ТЖМ ресми сайтынан оқыңыз.

0
0
184

ІІМ түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады

Мектеп бітіру кештері кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау қажеттігі туралы Ішкі істер министрлігі үндеу жасады.- Қоғамдық тәртіп пен жол жүрісі қағидаларын сақтау маңызды. Мектеп бітіру кештерінде автокортеждер ұйымдастыру қауіпті және жол қозғалысына кедергі келтіруі, сонымен қатар апатты жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Мұндай әрекеттерге жол бермеу қажет. Жол қозғалысы ережелерін бұзу, дыбыс сигналдарын шамадан тыс пайдалану, жылдамдықты асыру әкімшілік жауапкершілікке алып келеді, - деді полицейлер.- Көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның көлікті басқаруы 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.- Басқару құқығы жоқ адамға көлік тізгінін беру – 50 АЕК (196 600 теңге) айыппұлымен жазаланады.- Көлік жолаушыларының кабинаның сырт жағына шығуына қатаң тыйым са…

0
0
200

Әке мен бала туралы аңыз

Ертеде, қазақ елі жауымен шабысып жұрген кезі екен. Сол кезде билікте болған қазақтың ханы елімен ақылдасу үшін жиналыс жариялаған.Нұкерлерімен қоршалған хан, төбедегі дөңес жерде құрылған шатырына жетеді. Аттан түсіп, жылқының ұздесін тізгіншісіне беріп төрге аяқ басады.Оюлы текемет-кілемнің екі жағында, ханды қарсы алып, тік тұрған әміршілері, қолбасылары, сүлтандары, уәзірлері. Олар оң қолын жұрегіне басып, бас изеп, ханмен амандасып жатыр. Хан олармен көзімен амандасып, отыратын тақ жағына келе жатыр.Қолбасшыларының арасында тұрған өз баласын көреді.Баласы мұрты жаңа біткен жас жігіт. Жас болсада қоласындағы әскери қолын айтарлықтай біліктілікпен басқарып елдің оң көзіне түскен жігіт.Ерекше айламен, әскери қулықпен жауды алдап жеңіске жетіп жұрген жас қолбасшы. Қоласындағы сарбаздарды…

0
0
310

Құрылысшылардың құндылығын арттыру – маңызды!

Биыл мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшылар жылы» деп жариялады. Осыған орай, мұның маңыздылығы, мұндағы қызметкерлердің әл-ауқаты мен мүмкіндіктері туралы достарының арасында «Строитель на каблуках» аталып кеткен, «Gulvira Group» компаниясының басшысы Гульвира Бақытжанқызын сөзге тарттық.- Гульвира ханым, құрылыс саласына қалай келдіңіз? Бұл салаға деген қызығушылық қайдан басталды?Ауылдан 6-сыныпта кеттім. 2008-2010 жылдары өзім қабырғаға суреттер (росписьтар) салып жүрдім. Тапсырыс артқан соң, ары қарай команда жинадым. Сөйтіп жүріп толығымен ремонт под ключке өтіп кеттік. Басында көп шығын болды. Көп тәуекелге бардым. Білімнен ақша аяған емеспін. Осындай қиын әрі тәуекелі көп жолдар мені қазіргі жағдайға әкелді.- Қазір қарамағыңызда қанша адам жұмыс істейді? Қандай жоб…

0
0
416