Мазмұнға өту
Новости
Новости

Новости

6 173 жазбалар429 тіркелуші

Актуальное и интересное со всего света

«Балапан ұясы бар бұтақты кесіп тастаған»: Қарағандыда ағаш кесуге тапсырыс бергендер жазаланды

Ағаштарды кесуге тапсырыс берген адам оқиға орнына жақын орналасқан пиццерия иесі болып шыққан. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.«Бөкетов көшесіндегі ағаштарды кесу кезінде құстардың мерт болуына байланысты Қарағанды тұрғындарының пікірімен толық келісеміз. Қазыбек би атындағы аудан әкімдігінің қызметкерлері осы жұмысқа тапсырыс берушімен кездесті. Ол пиццерияның басшысы болып шықты. Меншік иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деді аудан әкімдігі қызметкері.Пиццерия басшылығы қарағандылықтардан көпшілік алдында кешірім сұрап, алдағы уақытта мұндай қателіктер жасамауға уәде берді.Айта кетейік, Қарағандыда Бөкетов көшесіндегі ағаштарды кесу кезінде құстардың ұялары зардап шегіп, балапандар мерт бол…

0
0
338

Нұр-Сұлтанда әйел мен жасөспірімнің үстіне баннер құлады

Онда «Тәуелсіздікке 30 жыл» металл баннері құлағаны көрсетілген.

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, оқиғадан бір әйел мен бір жасөспірім қыз зардап шеккен. Денесі көгеріп, жарақаттар алған олар көпсалалы қалалық ауруханаларға жеткізілді. Жедел жәрдем деңгейінде оларға ауруханалардың арнайы мамандары барлық қажетті медициналық көмек көрсетті.

«Зардап шеккен әйел түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Әйелдің жағдайы тұрақты, науқас толық айыққанша ауруханада болады және стационарлық ем алады. Тағы бір жарақат алған жасөспірімді мамандар тексерді. Науқастың жағдайы орташа болды. Дәрігерлер толық тексеру жүргізді, содан кейін науқас амбулаторлық емдеуге жіберілді»,- делінген хабарламада.

Фото алынды qumash_kz

0
0
287

Түркістан облысында көлік терезесінен шығып алған түлектер анықталды

Кеше жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысының полицейлері тәулік бойы өңірдегі тәртіпті қадағалады. Соның ішінде мектеп бітірушілердің көлік картежін ұйымдастыруына жол бермеу бағытында жұмыстар жүргізілді. Оның нәтижесінде бірқатар заң бұзушылық анықталды.Төле би аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы Леңгір қаласы көшелерінің бірінде BMW көлігінің терезесінен шығып алған түлектерді анықтады. Жол қозғалысы ережесін бұзған жасөспірімдерге және олардың ата-аналарына профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Сондай-ақ, жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі та…

0
0
257

Алматы облысында шенеуніктер 50 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді

«Алматы облысының Антикоррупциялық қызметі ҚР ҚК 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағы бойынша «Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ экс-басшысы қаржы институтының басшысымен алдын ала сөз байласу арқылы «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешен субъектілері шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға бөлінген ауыл шаруашылығы жабдықтарын жоғары құны бойынша жеткізу арқылы 50 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеуді тіркеді», - делінген хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде сай жария етуге жатпайды.

0
0
257

Елден жарты миллион доллар ақша әкетпек болғандар ұсталды

Ұлттық мүдделерді қорғау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті ү.ж. 14 наурызда «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» №830 Жарлыққа қол қойған.

Осы Жарлықпен Қазақстан Республикасынан 10 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынады.

Ұсталған ер адам пен валюта Қордай ауданы бойынша полиция бөліміне тапсырылды.

0
1
495

Қарағанды облысында сотталған ер адам Наоми Кэмпбеллдің портретін айнытпай салды

Ер адам ауыр дене жарақатын салғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған, ол жазасын АК-159/11 мекемесінде өтеп жатыр. Бала кезінен шығармашылықпен айналысқан ол сурет салғанды жақсы көреді. Түрмеге түскен соң бірінші күннен бастап көңілін аулау үшін ойына не келсе, соны салады екен.

«Бала кезімнен кино жұлдызы Наоми Кэмпбелл ұнайды, ол менің кумирім. Мектепте оқып жүргенде портретін салғым келген. Ал міне, 22 мамырда оның туған күні суретін салу бұйырды. Портретті жасауға екі күн қажет болды», - деді сотталушы.

Мекеме психологы Нина Петренко сурет салу - сотталғандардың жеке басы мен шығармашылық әлеуетін дамытудың тиімді әдістерінің бірі екенін айтты.

Фото алынды tengrinews.kz

0
0
240

Полиция генерал-майоры пара алды деген күдікке ілінді

23 мамырда Антикор қызметі 1963 жылғы полиция генерал-майоры Халықұлы Жайлаубекті ұстады. Ол 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының Ішкі істер департаменттерін басқарған.

«Ол соңғы қылмыстық істі тоқтатқаны үшін «К» азаматынан алдау арқылы ақша мен мүлкін алды деген күдікке ілінді. Сол күні Халықұлы ұсталып, Алматы қаласы ПД УҰИ-ға қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Тергеу мүддесінде соталды тергеуге қатысты өзге деректер жарияланбайды.

Күдіктінің кінәлілік дәрежесін анықтайтын түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

0
0
213

Қызылорда облысында суға батып кеткен ер адамның денесі 4 жылдан кейін табылды

Құтқарушылар оны оқиға орнынан 50 шақырым жерден тапты. Туыстары киімдерінен марқұмды таныды.Қайғылы оқиға 2018 жылы 17 желтоқсанда болған. Марқұмдар фазендадан келе жатқан. Күн бұзылып, олар жолды көрмеген. Сөйтіп, көлік Қараөзек каналына құлап кеткен. Жұқа мұз жарылып, көлік жүргізушісі жолаушымен бірге су астына батып кеткен.«Көлік дәл сол күні табылды, жүргізушінің денесі алты ай өткен соң табылды. Бірақ ол кезде 1973 жылы туған жолаушының денесін табылмады. Іздеу біраз уақытқа созылды, бірақ кейін тоқтатылды», - деді Қызылорда облысы ТЖД өрт сөндіру және апат-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.Жақында құтқарушыларға жоғалған ер адамның туыстары жүгінген. Олар суға батып кеткен туысының аяқ киімін тапқанын айтқан. Осылайша, іздеу жұмыстары қайта басталған.«20…

0
1
487

Павлодар колониясында шаш қиятын құрылғыға телефон салып өткізгісі келгендер әшкере болды

Павлодар облысы ҚАЖД АП-162/1 аралас қауіпсіздік мекемесінде 35 жастағы азаматтан сәлемдеме қабылдау кезінде ұялы телефон табылған. Ол телефонды шаш қиюға арналған құрылғының аккумулятор батареясына жасырған. Сондай-ақ, 2 SIM карта және микро флэш-карта табылды.Сәлемдеме ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлігі, 256-бабы 2-бөлігі бойынша жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеп отырған, жеті жылға бас бостандығынан айырылған 30 жастағы сотталушыға арналған. Сәлемдеме жіберген адамға қатысты ҚР ӘҚБК 481-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған.«Тыйым салынған заттарды мекемеге әкелуге жол бермеу туралы әңгімелер үнемі өткізіліп тұрады. Соған қарамастан келушілер сотталғандарға тыйым салынған заттарды алып өтудің жаңа әрі күрделі тәсілдерін ойлап табады. Алайда қызметкерлердің қырағы…

0
0
286

Тоқаев ҰҚК-ны реформалау туралы Жарлыққа қол қойды

Ведомство мәліметінше, Президент Жарлыққа 17 мамырда қол қойды.

«Осы Жарлықпен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің 15 жарлығына түзетулер енгізілді. ҰҚК-нің жаңартылған құрылымы бекітілді. ҰҚК-нің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылып, оңтайландырылды», - делінген хабарламада.

0
0
353