Талғат Алдыбергенов: Қазақстанның темір жол көлігі транзит әлеуетін кеңейтуде
Талғат Алдыбергенов: ➤ биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша эксплуатациялық жүк айналымы 8,6 пайызға ұлғайғанын айтты. 🟦 Транзит тасымалының көлемі 14,6 миллион тоннаға жеткен. ➤ Трансұлттық теміржол дәлізін қалыптастыру үшін 1700 шақырымнан астам жаңа желі салынып, 3 мың шақырым жол жаңғыртылып жатқаны туралы баяндады: 🟦 биыл Достық-Мойынты учаскесіндегі жолдың екінші бөлігі және Алматы бекетін айналып өтетін темір жол желісінің құрылысы аяқталады; 🟦 Дарбаза – Мақтаарал жобасын іске асыру жалғасуда; 🟦 Бақты – Аягөз және Қызылжар – Мойынты желілерінің құрылысы басталды. ➤ Терминал желілерін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде мәлімет берді. ➤ Цифрландыру мәселесіне айрықша назар аударылатынын жеткізді: 🟦 Әлемдік деңгейдегі инновацияның көшбасшыларымен бірлесіп,…
