Мазмұнға өту
Мемлекет

Мемлекет

2 360 жазбалар14 тіркелуші

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент Алжир мемлекетінің өсіп-өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан мен Алжир арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген серіктестік екі ел халықтарының игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
100

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстанның көлік-транзит әлеуетін арттыру стратегиясы

Мемлекет басшысы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады Кездесу барысында еліміздің көлік-транзит әлеуетін одан әрі арттыру шаралары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалын ұлғайту үшін автомобиль жолдары мен авиахабтар желісін белсенді дамыту маңызды екеніне назар аударды. Сонымен қатар теміржол саласындағы ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы жүзеге асыру мәселесіне айрықша мән берілді. Көлік-логистика секторының ІЖӨ-дегі үлесін ұлғайту мақсатында министрге кедергі келтіретін факторларды сараптап, саланы дамыту тәсілдерін қайта қарау міндеті жүктелді. Мемлекет басшысы көлік дәліздерінің өткізу мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстанның Еуразиядағы негізгі сауда-логистика торабы ретіндегі рөлін нығайту үшін жан-жақты әрі тиімді шаралар қабылдауды тапсырды…

0
0
175

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: Экономика дамуы мен инвестициялар жөніндегі нақты тапсырмалар

➤ Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізде орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы әртараптандыру және құрылымдық жаңғырту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілді. ➤ Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында жалпы инвестиция көлемі 2,3 триллион теңгеден асатын әрі шамамен 20 мың жұмыс орнын құруды көздейтін 45 ірі өнеркәсіптік жоба іске асырылып жатыр. ➤ Премьер-министр Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында көлік саласын дамытуға қатысты Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындау бойынша қолға алынған жұмыстар жөнінде баяндады. ➤ Президентке вегетациялық кезең туралы мәлімет ұсынылды. Егістікті су ресурстарымен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы мәселелері тұрақты бақылауға алынып, су үнемдеу технологиялары енгізілуде. Өңірлік штабтар жұмыс істеп…

0
0
107

Тоқаев Қатар Әмірімен саяси диалог жүргізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргідей қиын-қыстау жағдайда еліміз Қатар халқын қолдайтынын жеткізді.

Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен ХамадӘл Тәнидің саяси көрегенділігінің арқасында шиеленістің одан әрі ушықпағанын атап өтті. Сонымен қатар парасатты басшысы бар Қатар елі аймақтағы ең күрделі мәселелерді шешуде айрықша рөл атқаратынына назар аударды.

Мемлекеттер басшылары жоғары деңгейдегі байланыстарды жалғастыруға уағдаласып, Қатар Әмірінің алдағы уақытта елімізге жоспарланған сапарын талқылады.

t.me/aqorda_resmi

0
0
109

Президент Жоғарғы сот төрағасымен сот жүйесінің жұмысын талқылады

Президент Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады Мемлекет басшысына сот жүйесі қызметінің биылғы бес айдағы қорытындысы жөнінде мәлімет берілді. Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сот органдарына түскен талап-арыз бен шағымдар 18,1 пайызға ұлғайған. Бұл азаматтардың сот жүйесіне сенімі артып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар татуластыру рәсімін қолдануда оң динамика байқалады. Сот төрелігінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған жүйелі шаралардың нәтижесінде мемлекетпен арадағы дау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау көрсеткіші едәуір жақсарды. Әкімшілік сотта қаралған мұндай істердің 57,8 пайызында үкім азаматтар мен заңды тұлғалардың пайдасына шешілді. Жоғарғы сот төрағасы қылмыстық процесс кезінде тұлғаның констит…

0
0
136

Тоқаев Citi банктің стратегиялық жоспарларын талқылады

Қасым-Жомарт Тоқаев Citi банктің клиенттермен жұмыс жөніндегі бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстонмен кездесуде аталған қаржы ұйымының 30 жылдан аса уақыттан бері еліміздің сенімді серіктесіне айналғанына назар аударды

Президент Сiti банктің стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларға атсалысуы маңызды екенін айтты. Сондай-ақ оның шағын және орта бизнесті одан әрі қолдау жоспарын іске асыру Қазақстан экономикасын әртараптандыруға ықпал ететінін жеткізді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
108

ЕҚДБ Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтіп, инвестициялар көлемін екі есе арттырды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Одиль Рено-Бассо Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың перспективасын талқылап, әлемдік экономиканың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Қаржы ұйымымен байланыс орнатқаннан бері еліміз шағын және орта бизнес, энергетика, ауыл шаруашылығы сияқты бірқатар стратегиялық секторда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген. ➤ Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің бірлескен жобаларға, соның ішінде «жасыл экономика» бағдарламаларын жүзеге асыруға инвестиция құю ниетін құптады. Одиль Рено-Бассо еліміздің инвестициялық әлеуетіне жоғары баға беріп, қаржы институты Қазақстанның инфрақұрылымдық тұрғыдан дамуын одан әрі қолдауға мүдделі екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, жақында ұзындығы 234 шақырым болатын Ақтөбе – Ұлғайсын автожолын жаңғыртуды қаржыланды…

0
0
133

30 жыл өткен соң: Қазақстан Конституциясы және сот жүйесінің дамуы

Биыл – сот төрелігін атқаруға жауапты азаматтар үшін айрықша маңызды жыл. Себебі, осыдан 30 жыл бұрын ел егемендігінің, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың мызғымас тірегі саналатын Қазақстан Конституциясы қабылданды. Қуатты әрі тәуелсіз сот жүйесі құқық үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру ісінде шешуші рөл атқарады. Сондықтан біз осы стратегиялық маңызы бар салада жүйелі түрде реформа жүргізіп келеміз. Сот ісі жетілдіріліп, басқару үдерістері оңтайландырылып, осы салаға цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр. 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық және әкімшілікістер жөніндегі үш дербес кассациялық сот жұмыс істей бастайды. Бұл қадам азаматтардың және бизнестің өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға арналған институционалдық мүмкінд…

0
0
151

Еуропа Кеңесінің қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

2025 жылғы 18 маусымда Еуропа Кеңесінің Министрлер Комитеті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бастамашылық еткен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясына қосылу жөніндегі өтінімді мақұлдады.Аталған Конвенцияға қатысу қазақстандық құқық қорғау органдарына қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер алуға, заңсыз жолмен шетелге шығарылған активтерді елге қайтаруға, қылмысқа қарсы күрес және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында 46 еуропалық мемлекетпен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл елімізде «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы заңдылықты нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатқа сәйкес келеді.Сонымен қатар, аталған көпжақты халықаралық құжатқа қосылу Қазақс…

0
0
158

Қазақстан қылмысқа қарсы күрес: Қаhарман қызметкерлердің ерлігі

«Сіздер қылмысқа қарсы күрес пен қоғамдық тәртіпті сақтау ісін өмірлік миссия ретінде таңдап, адал қызмет етіп келесіздер. Бұл – қиындығы көп болғанымен, елге қажеттіәрі абыройлы жұмыс. Осы күрделі жолды нағыз отаншыл адамдар таңдайды. Сіздер әр азаматтың жайлы өмір сүруіне, бизнестің тұрақты дамуына, балалардың бақытты әрі алаңсыз өсуіне орасан зор үлес қосып жүрсіздер. Еліміздегі ірі қалалармен қатар, шалғай елді мекендердегі қоғамдық қауіпсіздік – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тынымсыз еңбегінің арқасы. Осындай тұрақтылық пен тыныштықтың артында Заң мен тәртіп үшін жасалған ерен ерлік бар. Халқымыз құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ерлігін бағалайды, мақтан тұтады, әрқашанда қолдайды. Жақында күштік құрылымдарымыз Алматы облысында ірі есірткі зертханасын жойды. Маңғыста…

0
0
109