Токиода қазақ әдебиеті және мәдениеті орталығы ашылды
Токиода «Рухани жаңғыру» халықаралық бағдарламасының тұсаукесері аясында Токио Орталық кітапханасында қазақ әдебиеті және мәдениеті орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы 2016 жылдан бастап шет елдердің Ұлттық кітапханаларында қазақ әдебиетінің орталықтарын ашу жөніндегі халықаралық жобаны жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда әлемнің 11 елінде Орталық - Корея, Қырғыз Республикасы, Финляндия, Венгрия, Ресей Федерациясы, Армения, Малайзия, Түркия, Қытай Халық Республикасы, Грузия және Франция жұмыс істейді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев, Токио Митрополиті Орталық кітапханасының директоры, Астана қаласындағы ҚР Ұлттық акаде…
