Қызылорда облысының кәсіпорыны өндірістің жаңа түрлерін меңгерді
«РЗА» АҚ мемлекеттік қолдаудың арқасында Қызылорда облысында өндірістің жаңа түрлерін меңгерді. Кәсіпорын Қазақстанның Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылып жатқан Арал өңірінде сүт өнімдерін өндіретін ірі ауылшаруашылық жобасын құрды. Қызылорда облысындағы «РЗА» АҚ кәсіпорындарында өндірілетін ет, сүт өнімдері, күрішін көптеген тұтынушылар мінсіз деп атайды. Сонымен қатар, сүт, май, сүзбе бағалары сатып алушыға көптеген жылдар бойы ұол жетімді болып келеді. «РЗА» акционерлік қоғамы халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға елеулі үлес қосқан құрылыс компаниясымен күшті кәсіпорыннан басталды. Ел агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы қабылданғаннан кейін, акционерлік қоғам әртараптандырылды және қазір ол Қазақстан тұрғындарын…
