Конституциялық сот: азаматтардың құқықтарын қорғау және заңдарды жетілдіру
Эльвира Азимова: ➤ 2,5 жыл ішінде ведомствоға азаматтардан 11 мыңнан астам өтініш келіп түскенін айтты. ✔️ Конституциялық сот судьялары өтініштерді қарау барысында 5 мыңнан аса құқық нормасын зерделеді. Тексеру қорытындысы бойынша 300-ден астам шешім қабылданды. Соның ішінде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан 74 қорытынды қаулы шығарылды. Осылайша, 20 құқық нормасы Конституцияға қайшы деп танылып, 25 құқық нормасына нақты түсіндірме берілді. ✔️ Бүгінге дейін заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы 41 нормативтік қаулы орындалды. Қазір Конституциялық соттың 19 нормативтік қаулысындағы құқықтық ұстанымдары ескерілген 8 заң жобасы Парламент палаталарында қаралып жатыр. ➤ азаматтар егжей-тегжейлі құқықтық кеңес алу үшін Конституциялық сот…
