Мазмұнға өту
Мемлекет

Мемлекет

2 361 жазбалар14 тіркелуші

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

Қазақстанда цифрлық активтер мен банк жүйесін дамытудың стратегиялық бағыттары

«Экономикамыздың жоғары технологиялық салаларына бір миллиард долларға дейін инвестиция тарту туралы бағдарлама әзірлеу қажет. Оны Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп дайындауға тиіс Жаңа инвестициялық кезеңді ойдағыдай бастау маңызды. Екінші дәрежелі банктер нақты секторға белсенді түрде қаржы салуы керек. Бұл мәселе қоғамда баяғыдан қызу талқыланып жатыр. Осы жұмысты көп созбай қолға алу қажет. Қазақстандағы банктердің активтері мен қаражаты дамыған елдерге қарағанда орта есеппен бірнеше есе көп пайда әкеледі. Себебі, біздің банктер экономикаға несие бергеннен гөрі қаржылық тәуекелі төмен бағыттарға ақша салғанды жөн көреді. Осы мәселені депутаттар, сарапшылар үнемі көтеріп жүр. Ұлттық банк пен Үкімет банктердің ақшасын экономикаға барынша тартудың тиімді тәсілдерін табуы қажет. Енді бұл мәс…

0
0
189

Alatau City: Қазақстанның инновациялық технополисі

«Қарқынды өсіп келе жатқан көптеген мемлекетте даму көшінің басында жүретін қалалар инвестициялар мен технологияларды өзіне тартатын полюске айналған. Алатау қаласы еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болуға тиіс. Жалпыұлттық маңызы бар осы жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жер бөлінді, бастапқы жоспарлау жұмысы аяқталды, инфрақұрылымның негізгі желілері қосылды. Жақында Қытайға барған сапарымда әлемнің жетекші компанияларымен құны миллиардтаған қаржы тұратын келісімдер жасалды. Шэньчжэнь жаһандық технополисін салуға қатысқан сондай компанияның бірі енді Alatau City жобасын жүзеге асыруға тікелей атсалысады. Келесі қадам – Alatau City-дің мықты институционалдық негіздерін қалыптастыру.Қаланы ел Үкіметіне тікелей бағынатындай етіп, оған арнайы мәртебе беру туралы жарлықты он к…

0
0
159

Тоқаев Бразилия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Бразилия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, тиімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты қызметіне табыс, ал Бразилия халқына құт-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi

0
0
182

Конго Демократиялық Республикасы Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарлануда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 қыркүйек күндері Қазақстанға Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келеді

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіліп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланады.

t.me/aqorda_resmi

0
0
184

Тоқаев Қытаймен стратегиялық серіктестік аясында 15 миллиард долларлық жобаларды жүзеге асырды

Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары мемлекет экономиканың түрлі саласына шетел инвестициясын жүйелі түрде тарту жұмысына ерекше назар аударып отырғанын жеткізді. – Осы ретте жақында өткен Қытайға сапарымды атап өткім келеді. Бұл сапар шын мәнінде өте жемісті болды. Екі елдің арасындағы стратегиялық серіктестікке мықты әрі тың серпін берді. Екіжақты келіссөздердің күн тәртібі ауқымды және ең бастысы Қазақстанның ұлттық мүдделеріне, ең алдымен, экономика саласындағы мүдделеріне тікелей байланысты болды. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен әңгімелесу кезінде мәңгілік достық пен стратегиялық серіктестік рухындағы жан-жақты ынтымақтастыққа ерекше мән берілді. Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің кезекті отырысының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 15 миллиард доллар болатын жетпістен ас…

0
0
158

Қазақстанда көмірдің энергетика саласындағы рөлі: Мемлекет басшысының пайымдауы

– Менің пайымдауымша, көмірсутегі дүние жүзінің энергетика нарығында, сәйкесінше, Қазақстанның энергетика саласында бұрынғыдай басты рөлге ие бола береді. Бірқатар елдің, соның ішінде еуропалық мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей, балама қуат көзі қажеттілікті толық өтей алмайды. Бұдан бөлек, өнеркәсіпте, соның ішінде электр стансаларының құрылысында көмірді залалсыздандыратын озық технологияны пайдалануға баса мән беру қажет. Қазақстанның энергия балансында көмірдің үлесі 70 пайызға жуық екені мәлім. Еліміз көмір өндіруден он ірі елдің қатарына кіреді. Бұл артықшылықтан бас тартпаған жөн. Керісінше, оны тиімді пайдалану керек, – деді Мемлекет басшысы.

t.me/aqorda_resmi

0
0
177

Мұнай-газ саласын жаңа технологиялар арқылы дамыту – мемлекеттік стратегия

Президент отандық мұнай-газ кешенінің алдында технологиялық жаңғыру, атап айтқанда, жасанды интеллектіні енгізу міндеті тұрғанын жеткізді– Заманауи технологиялар мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу ісін оңтайландыруға ықпал ету қажет. Отандық мұнай-газ өнеркәсібі заманауи үрдістерге сай болуы керек. Сондықтан осы салаға таза және озық технологияларды енгізу өте маңызды. Геологиялық барлау жұмыстарын күшейтіп, жаңа кен орындарын ашуға баса мән беру керек. Бұған қоса осы салаға білімді, жас кадрларды тартып, адам әлеуетін барынша арттыру қажет. Себебі жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін бізге, ең алдымен, білікті мамандар керек. Білім бағдарламасын жетілдіріп, зерттеу орталықтарын дамытқан жөн. Осы міндеттерді сапалы орындасақ,Әділетті, Қуатты, Таза және Озық Қа…

0
0
168

Еңбекқорлық – ұлттың негізгі қасиеті: Президенттің халық еңбегіне деген өзара құрметі

– Еңбекқорлық – ең асыл қасиеттің бірі. Мен әр сөзімде осы мәселеге ерекше мән беремін. Маңдай термен келген адал еңбектің қадірін білетін жұрт озық ойлы ұлт болады. Халқымызда «Еңбегіне қарай – құрметі» деген жақсы сөз бар. Еңбек адамы – ел адамы. Еңбек адамы, ең алдымен, туған елінің жарқын келешегі үшін аянбай жұмыс істейтін адам. Сондықтан қазір біз елімізде жұмысшы мамандарын кеңінен дәріптеп, оларға ерекше құрмет көрсетіп жатырмыз. Мен жыл басынан бері еліміздің әр саласында жұмыс істеп жүрген азаматтарды арнайы шақырып, марапаттап жатырмын. Мұны халқымыздың Сіздерге көрсеткен ыстық ықыласы, шынайы құрметі мен алғысы деп түсінген жөн, – деді Президент.

t.me/aqorda_resmi

0
0
167

Тоқаев Си Цзиньпинге алғыс білдірді: Екі ел арасындағы достық байланыстар нығайды

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге жеделхат жолдады

ПрезидентҚытайға resми сапары барысындақазақ делегациясына көрсетілгенқонақжайлық пен достық ілтипат үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР басшысымен жүргізген келіссөз нәтижесін жоғары бағалап, екі елдің санқырлы ынтымақтастығын оданәрі нығайту үшін күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін жеткізді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
170

Тоқаев Португалия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Португалия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Лиссабон орталығындағы апат салдарынан көптеген адамныңқаза табуына және жарақат алуына байланысты Президент Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соуза мен барша португал халқына көңіл айтты.

Қазақстан Президенті бақилық болғандардың туыстарын сабырға шақырып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестігін жеткізген.

t.me/aqorda_resmi

0
0
141