Мазмұнға өту
Мемлекет

Мемлекет

2 360 жазбалар14 тіркелуші

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру: Негізгі бағыттар мен міндеттер

Марат Омаров: ➤ мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту үшін 450-ден аса кәсіпорынды қамтитын тізім дайындалғанын жеткізді. Ұлттық жекешелендіру кеңсесі әзірлеген тізімдегі компанияларды бәсекелестік ортаға беру ұсынылады. ➤ негізгі тауарлар нарығындағы бәсекелестікті дамыту жұмыстары аясында биржалық қызмет заңнама талаптары мен қазіргі нарықтық сауда жағдайларына сәйкестендірілгенін айтты. Бүгінгі таңда 3 тауар биржасы жұмыс істейді, ал Агенттікке аталған саладағы мемлекеттік бақылау функциялары берілген сәтте 22 биржа болған еді. ➤ ведомствоның алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарын таныстырды. Президент: экономиканың басты секторларындағы бәсекелестікті дамытуға, ведомство жүргізіп жатқан тергеулер мен тексерулерге, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қорғауға байланысты бірқатар тапсы…

0
0
189

Тоқаев конституциялық сот форумының халықаралық қатысушыларымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев «Бейбітшілік пен құқыққа негізделген болашақ» атты конституциялық сот төрелігінің халықаралық форумына қатысушылармен кездесті Басқосуға Венеция комиссиясының президенті Клэр Бази Малори, БАӘ Жоғарғы федералдық сотының төрағасы Мұхаммед Хамад Мұхаммед әл Бади әл Захри, Африка конституциялық юрисдикция органдары конференциясының төрағасы Люк Малаба, Моңғолия Конституциялық сотының төрағасы Байасгалан Гунгаа қатысты. Мемлекет басшысы елімізге сапармен келгені үшін меймандарға ризашылығын білдірді. – Біз басқа мемлекеттердің озық конституциялық саясатымен бірге Венеция комиссиясының шешуші рөлін және оның үлгілі заң тәжірибесін бағалаймыз. Бұл – демократия институттарының дамуын айқындау және адам құқығына кепілдік беру ісіндегі басты бағдарымыз. Биыл Конституциямыздың қа…

0
0
170

Тоқаев шетелдік серіктестерге Қазақстанның жаңа даму стратегиясын таныстырды

Қасым-Жомарт Тоқаев жиын қатысушыларына жуырда Қазақстан халқына арнаған Жолдауының мән-мазмұны жайында мәлімет берді– Жолдауда біздің жаңғыруға, инновацияға, орнықты дамуға, ғаламдық күн тәртібіндегі Қазақстанның беделін нығайтуға, халықаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ілгерілетуге қатысты ұстанымымыз көрініс тапты. Шетелдік серіктестеріміздің осы басымдықтарды айқын түсінгені өте маңызды деп санаймын. Басты мақсат – Қазақстанды технологиялық тұрғыдан озық елге айналдыру. Сондықтан жасанды интеллектінің қолдану аясын кеңейту және жаппай цифрландыру жаңа ұлттық идеяға айналады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Парламент жүйесінде алдағы уақытта болатын өзгерістерге тоқталды. – Ашығын айтқанда, бұл реформа саяси жүйеміздің институционалды базасын нығайту…

0
0
189

Қазақстан мен Конго арасындағы достық және стратегиялық ынтымақтастық нығаяды

Президент бүгін екі ел жылнамасындағы тарихи күн екенін атап өтті. – Қазақстан Республикасы мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы қарым-қатынастар тың қарқын алуда. Ең алдымен, Президент Феликс Чисекеди мырзаны Қазақстанда алғашқы мемлекеттік сапармен қарсы алу – біз үшін үлкен құрмет. Конго Демократиялық Республикасы – Қазақстанның Африка құрлығындағы маңызды әрі сенімді серіктесі. Екі ел арасындағы байланыстар берік достық пен өзара құрметке негізделген. Қазақстан Конго Демократиялық Республикасымен түрлі саладағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Ықпалдастықты ерекше серпінмен тереңдету үшін барлық мүмкіндік бар. Жоғары деңгейдегі саяси ниетіміз – ортақ, сауда-экономикалық әлеуетіміз – мол, мәдени-гуманитарлық саладағы мақсат-міндеттеріміз бір. Бүгінгі келіссөз қорытындылары…

0
0
199

Феликс Чисекеди: Орталық Азия мен Африка арасындағы ынтымақтастық жаңа кезеңде

– Халықтарымыз арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бар күш-жігерімді саламын. Өз елімнің, сондай-ақ тұтас Африка құрлығының мүддесіне сай келетін ықпалдастықтың жаңа бағыттарын іздеп, оны одан әрі дамытуға ұмтыламыз. Орталық Азия өңірі әзірге Африкаға аса таныс емес. Сондықтан бүгінгі және болашақтағы ынтымақтастығымыз қос құрлық арасындағы байланыстар тарихында маңызды кезең болатынына сенімдімін, – деді Феликс Чисекеди.

t.me/aqorda_resmi

0
0
110

Қазақстан мен Конго: Стратегиялық ынтымақтастық пен экономикалық серіктестік кеңейді

🇰🇿🇨🇩Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикасының президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасы Президентінің елімізге алғашқы сапарын тарихи сәт ретінде атап өтіп, оның Астанаға үлкен делегациямен келуін қазақ халқына көрсеткен зор құрмет деп бағалады. – Дипломатиялық қатынастардың орнағанына көп уақыт бола қойған жоқ. Соған қарамастан өзара сенім мен достыққа негізделген ынтымақтастық дамып келеді. Бүгінгі келіссөздер Астана мен Киншаса арасындағы байланысты жаңа белеске көтереді, тиімді әріптестік орнатуға мүмкіндік береді. Конго Демократиялық Республикасы – Қазақстанның Африкадағы маңызды серіктесі. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың келешегі зор деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы бүгінгі уағдаласт…

Қазақстан мен Конго: Халықаралық ынтымақтастық пен бейбітшілік диалогы

– Біздің мемлекеттеріміз географиялық тұрғыдан бір-бірінен алшақ орналасса да, халықтарымызды егемендік пен территориялық тұтастықты құрметтеу, диалог арқылы бейбітшілікке үндеу секілді ортақ құндылықтар біріктіреді. Конго Демократиялық Республикасы халықаралық қоғамдастықтың, соның ішінде Қазақстанның ең қиын сәттерде көрсеткен қолдауын ешқашан ұмытпайды. Қазақстан БҰҰ аясындағы белсенді ұстанымымен Конго халқына жанашыр екенін дәлелдеді. Сондықтан Сізге шынайы ризашылығымызды білдіруге рұқсат етіңіз, – деді КДР Президенті. Феликс Чисекедидің айтуынша, Қазақстан ядролық қарудан бас тарту және бейбітшілікті сақтау үшін дәйекті диалогты ілгерілету арқылы қауіпсіздік пен дамудың өте маңызды екенін көрсетті. Бұл – әлем жұртшылығына үлгі. Келіссөз барысында екіжақты сауданы дамыту, көлік-логи…

0
0
112

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінімдер қабылдау: Жастарға мүмкіндіктер ашылды

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінімдер қабылдау жалғасады Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жастардың бастамасын қолдау мақсатында 2021 жылдан бастап «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындады. 2025 жылдың 16 маусымы мен 18 тамызы аралығында өтінімдерді қабылдау [email protected] поштасы арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде үміткерлерден 1 391 өтінім («Ғылым» -130, «Мәдениет»-131, «Ақпараттық технологиялар» -218, «Бизнес» - 644, «Медиа»- 145, «Волонтерлік» - 123) келіп түсті. Оның ішінде 186 адамның құжаттары тексеріліп, ұйымдастырушылар тарапынан қабылданды ( тізімді сілтеме бойынша көре аласыз https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/856999?lang=kk). Өтінімдердің көптігіне байланысты 5 қыркүйек күні таңғы сағат 5:00-ден бастап Gmail-…

0
0
205

Қатар мемлекетінің егемендік құқығын қорғау: халықаралық қағидаттар

Қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Бұл Қатар мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді.

t.me/aqorda_resmi
0
0
153

Қаржылық мониторинг агенттігі: 164 миллиард теңгенің заңсыз операциялары тоқтатылды

Жанат Элиманов: ➤ ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар жөнінде баяндады. Ведомство 24 миллиард теңгеден астам қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырған жалған компанияларды әшкерелеп, есірткі сатудан және алаяқтықтан түскен табыстарды жылыстатқан 20 заңсыз криптобиржа қызметін тоқтатқан. Сондай-ақ ТМД аумағындағы ең ірі криптосервис жойылды. Ол 20 Darknet алаңымен жұмыс істеп, 200-ден астам «наркошопты» қамтыған. 9,7 миллион долларға тең виртуалды активтер бұғатталды. ➤ Қаржылық мониторинг агенттігі 720 қылмыстық істі тергеуді аяқтап, 15 ұйымдасқан қылмыстық топты, соның ішінде 3 трансұлттық топты жойғаны жөнінде ақпарат берді. Бұдан бөлек, 17,1 миллиард теңге сомасындағы мұнай өнімдерін заңсыз шығару әрекеті тоқтатылды, заңсыз темекі өнімдерін дайындаған 2 жасырын цех…

0
0
119