«Нұрлы жол»: Қызылордада Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің несиелік баспана желісі бойынша өтініштер қабылдау басталды
«Бəйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылордада өзінің салымшылары арасында «Бəйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы «Бəйтерек Девелопмент» АҚ желісі бойынша өтініштер қабылдауды бастады, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жаңа үйлер құрылысы «Сəулет» шағын ауданында жүріп жатыр. Жалпы ауданы 20 мың шаршы метр 7 нысан, 350 пəтер салынады. Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі – 2016 жылғы қазан. Пәтерлер таза əрлеуде сатылады. 1 шаршы метрдің бағасы шамамен 143 мың теңгені құрайды. Барлық өңірлерде несиелік тұрғын үй құрылысының 10 жобасы іріктелді. Ақтауда 1 шаршы метрі 153 мың теңге бағамен 540 пəтер болатын 34 167 шаршы метр тұрғын үй салынады. Атырауда 1 шаршы метрі 152 мың теңге бағамен 245 пəтер…
