Н.Назарбаев ИИДМБ-ны қолдауға қосымша 112 млрд теңге қаражат бөлуге тапсырма берді
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметінің кейейтілген отырысында 112 млрд теңге қаражат көлемінде индустриялық-инновациялық бағдарламаның екінші бесжылдығын қаржыландыруға тапсырма берді. «Индустрияландырудың жаңа кезеңіне байланысты экспорттық әлеуетті әртараптандыру. Барлық Үкімет, барлық әкімдер экспортқа мақсат қоюы керек. Оңтүстік Кореяда осының арқасында экономиканы шығарып алды. Барлық ел жұмыс жасады, ал біз өнімдерімізді экспортқа жіберу үшін жұмыс жасауымыз керек. Біз индустриалды бағдарламаның екінші бесжылдығына кірістік. Таңдалған жобалар сапасын жоғарылатуымыз керек»,-деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысы айтып өткендей, жаңа бесжылдық шикізат өнімін қамтамасыз етуі тиіс. «Бұндай кәсіпорын бізге қажет. Жобаны таңдау барысында экспорттық әлеует, жоғары өнімділік, иннова…
