Мәжілісте ядролық сынақ пен апаттардан жәбір көргендерге арналған медорталық ашу мәселесі көтерілді
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ядролық сынақ пен апаттардан жәбір көргендерге арналған медорталық ашу мәселесі көтерілді. Чернобыль АЭС қатысушылары мен олардың отбасыларына жеңілдіктер қарастыру талқыланды. Бүгінде Қазақстанда Чернобыль апатының жойылуына қатысқан 32 мың қазақстандықтың 5 мыңға жуығы қалды. Оның жүзден астамы мүмкіндігі шектеулі жандар. Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясына Қазақстанның Черноболь одағының өкілдері «ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету мен жеңілдіктер туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды. «Денсаулықты қалпына келтіру маңызды мәселе болып табылады. Қазақстанда сәуле ауруынан емдейтін маман жоқ. Сапалы медициналық көмекке таяу шығыста қол жеткізуге болады, мәселен, Украина мен Ресейде. Үкімет бұ…
