Б.Сағынтаев өңірлерде жылыту маусымына дайындықты жеделдетуді тапсырды
Ақмола, Жамбыл, Қызылорда мен Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының әкімдіктері алдағы жылыту маусымына жанармай сатып алу үшін Үкімет резервінен 1 862 млн теңгеге бюджеттік сұраным тапсырды, деді ҚР Энергетика министрі қанат Бозымбаев Үкімет отырысында. «Ақмола, Жамбыл, Қызылорда мен Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының әкімдіктері алдағы жылыту маусымына жанармай сатып алу үшін Үкімет резервінен 1 862 млн теңгеге бюджеттік сұраным тапсырды. Оның ішінде мазутты сатып алу үшін 30 мың 364 тоннаға 1 528 млн теңге, 92 мың тонна көмірді сатып алуға 335 млн теңге берілді», - деді Қ.Бозымбаев. Бұл өтініш бойынша Б.Сағынтаев жауапты ведомстволарға Үкіметтің келесі отырысына дейін шешім қабылдау керектігін айтты. Сондай-ақ, аталмыш мәселе бойынша Ұлтық экономика министрі Қуандық Бишімбаев есеп…
