Мазмұнға өту
Мемлекет

Мемлекет

2 360 жазбалар14 тіркелуші

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

«Нұр Отан» партиялық кадрлық резервін қалыптастырады

«Нұр Отан» партиясы аймақтық партиялық кадрлық резервті бастапқы қалыптастыру басталғаны туралы хабарлайды. Азаматтар қолма-қол тәртіппен, почта арқылы немесе хабарландыруды көрсетілген электрондық почтаның мекен-жайына электрондық түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде жіберген түрдегі құжаттар қарауға қабылданады, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі. Кадрлық резерв туралы ереженің талаптарына сәйкес келетін және тестілеуге жіберілген кандидаттардың тізімі партияның веб-сайтында жарияланатын болады және тестілеуді өткізу басталатын күнге дейінгі 1 (бір) жұмыс күннен кешіктірмей партияның веб-сайтында орналастырылатын тестілеу кестесінің негізінде партияның аймақтық филиалында 10 (он) жұмыс күні ішінде тестілеуді өтеді. «Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны аймақтық филиалда партиян…

0
0
393

Инфрақұрылымдық жобалар аясында азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 84 млрд теңге бөлінген – ҚР ДСӘДМ

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен қамтуға 5 мың 243 жобаға 84 млрд теңге бөлінген, деді Үкіметтің отырсында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова. «Қазіргі күні 435 жоба аяқталды. Іске асырудың жолында тұрған 4 мың 808 жоба тамыз айында Ұлтық қор мен арнайы қордан қосымша бөлінген қаражатқа іске асырылады. Бұл жобаларға 18 мың адам жұмысқа орналастырылды, олардың ішінде 9,5 мың азамат – жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар»,-деді Т.Дүйсенова. Оның айтуы бойынша, нақты жұмыспен қамту мониторингі жүзеге асырылуда. « Атқарылып жатқан жұмысқа қарамастан, облыс әкімдеріне жылдың соңына дейін 53,4 млрд теңгенің 4808 жобасын аяқтау керектігін ескерткім келеді»,-деді министр. Отырыс барысында ве…

0
0
398

ШҚО-да туризмді дамыту саласында күре жолдарды жөндеу басымдылыққа ие – Бейсекенов

2017 жылы Шығыс Қазақстанда Алакөлге апаратын жолға жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланған. Сапалы жолдар туристік нысандарды тартымды және бәсекеге қабілетті етеді. ШҚО Ақпарат орталығында хабарлағандай, 2017 жылы демалыс орындарына апаратын жолдарға жөндеу жұмыстары жасалатын болады. Солардың бірі, Алакөлге апаратын бағыттағы жол. Өңір үшін күре жолға жасалып жатқан жөндеу жұмыстары жол қозғалысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ғана емес, сонымен қатар облыста туризмді дамытуға басым бағыт болып табылады. Оған дәлел биыл жөнделген жолдар. Олар Сабын көліне, Өскемен-Тарғын-Самараға апарады, сонымен қатар Нұртау шаңғы базасына дейінс созылған. Сондай-ақ, Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз, Күршім-Қалжыр, Борродулиха-Шемонаиха және Серебрянск қ. кіреберісінің трассалары жасалған. Осылай, 2017 жылы турн…

0
0
473

Қазақстанда әкімшілік айыппұлдарды төмендету қарастырылады

Әділет министрлігінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау болып өтті. Шара барысында ҚР әкімшілік заңнамасын дамыту мәселесі талқыланды.Атап айтсақ, әкімшілік айыппұлды төмендету бойынша әкімшілік – дилекттік заңнаманы гуманизациялау, қысқартылған өндірісті қолдану аясын кеңейту, субъекттердің тізімін көбейту болып саналады.. Алғаш рет құқық бұзғаны және оның деңгейі ауыр болмаған жағдайда қолданылатын шара ретінде ескертуді тәжірибеге енгізу қарастырылуда. Қазірдің өзінде шамамен заң бұзушылықтардың 30 пайызы бойынша ескерту қолдану тәжірибесін кеңейту бойынша уағдастыққа қол жеткізілген. Әкімшілік құқықбұзушылық қарайтын соттар мен органдар үшін жеңілдетуге негіз болған жағдайда айыппұлдардың көлемін…

0
0
381

Астанада ЭКСПО-2017 үшін еріктілерді қосымша іріктеу басталды

Астанада ЭКСПО-2017 үшін еріктілерді іріктеудің екінші кезеңі басталды. Бұған дейін тестілеуден өткен 3000 еріктілер қатарына тағы да мың жарымы қосылатын болады, деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ. Мұндай қажеттілік көрме аясында бірқатар ауқымды халықаралық деңгейдегі форумдар мен іс-шаралар өткізілетіндіктен туындап отыр. Айталық, Бүкіләлемдік туристік ұйыммен бірлесе отырып, туристік форумның өткізілуі туралы келісімге келді, сондай-ақ, дүние жүзінің 165 мемлекеті қатысатын World Boxing Council Конвенциясының 55 жылдық мерейтойы мен кәсіби бокс кешін ұйымдастыру бойынша меморандумға қол қойылды. Тағы бір себеп – қатысушылар көлемін ұлғайту. Бүгінгі таңда халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатындығын 103 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым растады. Тағы да бірнеше мемлекеттерм…

0
0
288

Степногорде жылыту маусымына дайындық аяқталуға жақын – әкімдік

Жылыту маусымына қарай Степногордағы ЖЭС-те барлық энергетикалық қондырғы станциялары жөнделеді, бұл алты энергетикалық қазандық, бес турбина және бір су жылыту қазандығы, деді бас инженер Павел Перевезенцев жылыту маусымына арналған кеңесте. Ол айтып өткендей, станцияларда жұмыс аяқталуға жақын, 93 пайызды құрап отыр. «Бірінші қазанға сәйкес, жанармай қоры 65 мың тонна көмірді құрады», - деді ол. «Степногорск Теплотранзит», «Степногорск Энерготранзит», «Степногор су арнасы» өкілдері қажетті жұмыс орындалып, жылыту маусымына 100 пайыз дайын екендерін айтты. Жазғы жағдайдағы төтенше жағдайға әрекет ету бойынша дайындық мәселесі туралы ТЖ басқармасының жетекшісі Еркебұлан Ксенжолов айтып берді. Ол өз сөзінде ТЖБ қысқы жағдайда жұмыс істеуге толық дайын екенін айтып өтті. Қала әкімі Әнуар Кү…

0
0
357

ҚР ҰЭМ әлеуметтік маңыздағы азық-түлік бағасының өсу себептерін түсіндірді

Баға ортасын өзгерту, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне арналған тарифтерді ұлғайту, маусымдық ауытқудың әсері, экспорттық жеткізілімнің әсері әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне ықпал етті. Бұл туралы Үкіметтің отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті. «Үкімет пен Ұлттық Банк қабылдаған Дағдарысқа қарсы жоспар аясында, Мемлекет басшысы әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуін болдырмау тапсырмасын берді. Әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдеріне маңызды тауарлардың 33 түрі кіреді: макорон өнімдері, жарма, көкөніс, ет, сүт өнімдері, жұмыртқа мен тұз және олар инфляцияны есептеу кезінде ескеріледі. Ресми статистиканың мәліметі бойынша, жылдың басынан бастап тұтынушылық индекс 5,4 пайызды құрады, сонымен қатар азық-…

0
0
434

Қазақстанда бастапқы жария ету акциясы бойынша бюджетке 4 млрд теңгеден астам қаржы түсті – Қаржы министрлігі

Ағымдағы күнге барлығы 2 696,4 млрд тенге сомасында 108 923 өтініш (декларациялар) түсті, оның ішінде жария етілгені 2 384,8 млрд. тенге, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі. Мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 1 082,0 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін 105 092 өтініш түсті. «Сомасы 809,8 млрд. теңгеге 87 164 тұрғын үй объекті, сомасы 254,7 млрд. теңгеге 46 640 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 10 310 млрд.теңгеге 169,1 коммерциялық объект, сомасы 11,7 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 68 қатысу үлесі, сомасы 5,8 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті», - делінген хабарламада. 100 191 объект, бағалы қағаздар және ақша сомасы 813,2 млрд. теңгеге жария еті…

0
0
370

2016 жылы Қазақстанға жұмысқа тұру мақсатында 12 мың адам келді

Бүгін Астана қаласында босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон жөніндегі Алматы процесінің жоғары лауазымды қызметкерлерінің үшінші кездесуі өтті, еп хабарлады ведомство. Шара барысында тұрғындардың тұтастығы, босқындардың құқықтарын жүзеге асыру мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, аталған саладағы аймақтық ынтымақтастық перспективалары қарастырылды. Халықаралық ұйымның мәліметінше, әлемдегі әрбір жетінші адам босқын болып саналады. Халықаралық босқындар саны 2040 жылы 400 млн-ға дейін көбеюі болжанып отыр. Өз сөзінде Светлана Жақыпова экономикалық дағдарысқа байланысты Орталық Азия аумағындағы тұрғындардың мобильділігі арта түсетінін атап айтты. Қазақстанда биыл еңбек мигранттарының негізгі ағымы Қытай (11 мың 641 адам), Түркия (3 мың 558), Өзбекстан (3 мың 285), Ұлыбритания (…

0
0
206

Д.Абаев: Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы электронды түрде жүзеге асады

Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын «электронды үкімет» пен мемлекеттік корпорация жүзеге асырады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты. «Мемлекеттік органдардың басты міндеті – халыққа қызметтің барынша сапалы, әрі оңай көрсетілуін қамтамасыз ету екенін Елбасы үнемі айтып келеді. Осы бағытта ел игілігі үшін қыруар іс-шара жүзеге асырылды», - деді ол. Оның айтуынша, мысалы, жеке куәлікті алу бұрын бір айға созылса, қазір ол бар болғаны 2 күнде дайын болады. Және тіркелген орныңызға қарамастан, кез келген қаладан ала бересіз. Осылайша, халықтың уақыты ғана емес, қаржысы да үнемделіп отыр. Немесе ең жиі сұралатын қызметтердің бірі – «қылмыстық құқық бұзушылық туралы» анықтамаға тоқталайық. Бұрын 7 күн ішінде берілетін осы құж…

0
0
321