Түркістанға жақын аймақта түркі тілдес халықтарының қалашығын салу жоспарланып отыр
Түркістан қаласына 60 шақырым кіре беріс жерге түркі тілдес халықтардың қалашығын салу жоспарланып отыр, деп хабарлады ОҚО-ның қала құрылысы мен сәулет басқармасы. Сәніне сәулеті келіскен жобалардың басым бөлігі, яғни 40-тан астам ірі жоба, соңғы алты жылда – 2009-2015 жылдар аралығында іске асырылып, бой көтерген. Атап айтқанда, «Жер ана» монументі, Ордабасы алаңындағы субұрқақ, Жібек Жолы аллеясы,Көркемөнер галереясы, Абай мұражайы, Диуани Хикмет аллеясы (Түркістан қ.), «Даңқ» мемориалы, Дендросаябақты қайта жөндеу, «Шәмші әлемі» сквері, спортшылар аллеясы, Неке сарайы, Жастар орталығы, Қабанбай батыр ескерткіші, Босанғанға дейінгі орталық, Облыстық филармония, «Қызғалдақ» субұрқағы жобалары болып жалғасып кете береді. «Облыстың сәулеттік сәнін арттырып, көркейтуге бағытталған жұмыстар…
