Италияда О. Сүлейменовтің «Хат тілі» кітабының тұсаукесері өтті
Порденон қаласында итальяндық «Festa del libro con gli autori» (Авторлардың қатысуымен кітап фестивалі) ірі кітап жәрмеңкесі аясында қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы және мемлекеттік қайраткері Олжас Сүлейменовтің итальян тіліне аударылған «Хат тілі» кітабының тұсаукесері болып өтті. Қазақстанның Италиядағы Елшілігі еліміз Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойы қарсаңында кітаптың аудармасы мен басылуын тарих, мәдениет, әдебиет және филология саласында кітаптарды басып шығаруға мамандандырылған «Сандро Тети Эдиторе» баспа үйімен бірлесіп дайындады. “Кітаптың тұсау кесеріне Италияның өнерпаз және ғылыми зиялы өкілдері, саяси, қоғамдық, іскерлік топтары, итальян университеттерінің профессорлары және студенттері, Италияның ірі кітап баспаларының өкілдері қатысты”, - делінген хабарламада. Атақт…
