Мазмұнға өту
Мемлекет

Мемлекет

2 360 жазбалар14 тіркелуші

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

Мемлекеттік рәміздер күні: Бірлік пен мақтаныш символдары

Бүгін – Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күні! Бұл ерекше мереке — Ту, Елтаңба және Әнұран сияқты мемлекеттігіміздің басты нышандарының маңызын еске салатын күн. Біздің тарихымыз бен мол мәдени мұрамызды, халықтың жүрегіндегі ортақ сенім мен бірліктің көрінісі. Мемлекеттік рәміздер бүкіл халықты біріктіріп, Отанға деген сүйіспеншілікті оятып, жүрекке мақтаныш сезімін ұялатады. Осы мерекеге орай Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы арнайы бейнеролик дайындады. Т. Әбдірашев атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр, Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы, Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі, Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі, ағаш үрмелі аспаптар квинтетi мен классикалық гитарашылар квинтетi, сондай-ақ филармо…

0
0
181

Мемлекеттік рәміздер: Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары

Государственные символы Казахстана

Мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба және Әнұран еліміздің тәуелсіздігін, тарихы мен мәдениетін айқындайды.

Бұл мереке – рәміздерімізді құрметтеп, мақтан тұтып, олардың мәні мен маңызын жете түсінуге үндейді.

Атаулы күні елімізге бейбітшілік, ынтымақ және жарқын болашақ тілейміз!

Государственные символы – Флаг, Герб и Гимн – являются олицетворением независимости, истории и культуры нашей страны.

Этот праздник призван укрепить дух единства, любви к Родине и патриотизма. Ведь каждый гражданин страны с уважением относится к государственным символам, гордится ими и хранит их значение в своем сердце.

В этот знаменательный день желаем всем мира, согласия и светлого будущего!

0
0
136

Еңбек және әлеуметтік даму: Мемлекет басшысы алдағы жоспарларды таныстырды

Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды. Негізгі көрсеткіштер: биылғы 1 мамырға дейін 157,8 мың адамды еңбекпен қамту шаралары жүргізілген; 143,2 мың азамат жұмысқа орналастырылған; жыл басынан бері 232 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген. ➤ Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету: жүйелі жұмыстың нәтижесінде өндірістік жарақат алу көрсеткіші биылғы І тоқсанда 17 пайызға төмендеді; өлімге әкеп соғатын қайғылы оқиғалар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға азайды; кәсіптік тәуекелдерді анықтау, бағалау және алдын алу, сондай-ақ еңбек қатынастарын декларациялау тетіктерінің автоматтандырылған жүйесі енгізіліп жатыр. ➤ Цифрландыру: министр әлеуметтік-экономикалық орнықтылық пен осал от…

0
0
129

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы инвестициялық ынтымақтастық: жаңа келісім ратификацияланды

Официальный документ о ратификации соглашения между Казахстаном и Кыргызстаном

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Кабинетом Министров Кыргызской Республики о поощрении и взаимной защите инвестиций»

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi

0
0
117

Қазақстан Президенті саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөз сөйледі

Глава государства выступил на мероприятии, посвященном памяти жертв политических репрессий и голода

t.me/aqorda_resmi

Қазақстан Президенті Хорватия Президентін Мемлекеттілік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Хорватия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичті Хорватия Республикасының Ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады.

Президент Астана мен Загреб арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичтің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, хорват халқына құт-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi

0
0
108

«Хандар шежіресі»: ЮНЕСКО тізіміндегі ұлттық мұра

Мемлекет басшысының тағы бір бастамасы жүзеге асырылды «Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның халықаралық «Әлем жады» тізіміне енгізілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында еліміздің деректі мұраларын сақтау бағытындағы жұмысты жандандыруға қатысты нақты тапсырма берген болатын. «Хандар шежіресі» қолжазбасы – XVIII ғасырда жазылған, ұзындығы 3 метрден асатын бүктеме қағаз түріндегі құжат. ЮНЕСКО мойындаған бұл бірегей артефакт қазақ елін басқарған хандардың шежіресі бай екенін аңғартады. Сонымен қатар VI-XIX ғасырларда өмір сүрген тарихи тұлғалардың шығу тегін және олардың өзге халықтармен қалай байланыс орнатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Бұған дейін ЮНЕСКО тізіміне Қожа Ахмет Яссауидің қолжазбалары, «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы ту…

0
0
164

Қазақстан миграция саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

Мемлекет басшысы Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның бас директоры Эми Поупты қабылдады ➤ AIF алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның – БҰҰ көші-қон жөніндегі агенттігінің бас директоры Эми Поуппен кездесті. Әңгімелесу барысында миграция бойынша ынтымақтастықтың жай-күйі, мигранттардың құқығын қорғау және Ұйымның 2024-2028 жылдарға арналған стратегиялық жоспары шеңберіндегі өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы еліміз заңсыз көші-қон проблемаларын шешу, адам саудасына қарсы іс-қимыл және шет елдерде еңбек ететін қазақстандықтардың құқығын қорғау бағыттарында белсенді жұмыс жүргізетінін айтты. Эми Поуп Қазақстанның Алматы процесіне 2025-2027 жылдардағы төрағалығының маңызын атап өтті. Бұл – аймақтық диалогты ілгерілетуге және Орт…

Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастық: Тоқаев министрмен кездесті

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазруиді қабылдады ➤ Астана халықаралық форумының алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазруимен кездесті. Президент Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед бен ЗаидӘл Нахаянмен Астанадағы кездесуін ықыласпен еске алды. Оның аясында нәтижелі келіссөздер жүргізіліп, жалпы құны 5 миллиард долларды құрайтын 20-дан астам коммерциялық келісімге қол қойылды. Сухейл әл-Мазруи Астана халықаралық форумының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан тарапына алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сухейл әл-Мазруи жоғары деңгейде жасалған уағдаластықтарды жүзеге асырудың нақты жолдарын, соның ішінде…

0
0
113

Қазақстан мен Франция арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық нығайтылуда

Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның сыртқы сауда делегат-министрі Лоран Сен-Мартенді қабылдады ➤ Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының аясында Франция сыртқы сауда делегат-министрі Лоран Сен-Мартенмен, Франция Ұлттық ассамблеясы шетелдік істер жөніндегі комиссиясының президенті Бруно Фукспен, сондай-ақ EDF, SUEZ және Sanofi компанияларының жетекшілерімен кездесті. Президент Франция Қазақстанның Еуропа Одағы елдері арасындағы негізгі сауда және инвестициялық серіктесі екенін атап өтті. Соңғы жылдары екіжақты сауда көлемі және елімізге келетін француз инвестициясы ұдайы артып келеді. Бұл экономикалық байланыстарды нығайтуға тараптардың ортақ ұмтылысын байқатады. Мемлекет басшысы осындай оң динамиканы сақтау қажет екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев 17 келісімге қол қойылған қазақ-француз б…

0
0
100