Н.Назарбаев: Биылғы науқан нәтижесін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тамаша тарту деп бағалауға болады
Мемлекет басшысы астық жинау науқанының табысты аяқталуына байланысты еліміздің агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлеріне құттықтау жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Қазақстанда жиын-терін науқаны аяқталып келеді. Бұл – ауыл еңбеккерлері, агроөнеркәсіп кешені және бүкіл еліміз үшін азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейін айқын көрсететін аса маңызды оқиға. Биылғы науқан нәтижесін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тамаша тарту деп бағалауға болады. Өйткені, бұл жолы жиналған астық мөлшері – осы кезеңдегі ең ірі жетістіктің бірі. Астықтың жалпы көлемі 23 миллион тоннадан асты, бұл – былтырғыдан бір жарым еседей артық көрсеткіш. Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының диқандары 5 миллион тоннадан астам астық алды. Қарағанды облысында миллион тоннадан астам астық жиналып, бұры…
