Н. Назарбаев Сауд Арабиясының кәсіпкерлерін ҚР-ның индустрияландыру жобаларына қатысуға шақырды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің іскер топтар өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесуге Сауд Арабиясының әлемдік деңгейде жұмыс жүргізетін жетекші компанияларының басшылары қатысты. Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы біздің елдің Таяу Шығыс аумағындағы негізгі серіктесінің бірі екенін айтты. «Екі ел арасындағы 2015 жылы 16,3 млрд долларға жеткен тауар айналымы көлемін бүгінде айтарлықтай арттыруға мүмкіндік бар. Қазірдің өзінде Корольдік компанияларының қатысуымен Қазақстанда 17 ұйым жұмыс жүргізуде», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті екі елдің экономикалық ынтымақтастығының перспективалы бағыттарын да атап өтті. Олардың арасында тау-кен металлургиясы кешені, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, қаржы және ислам б…
