Астанада «жасыл экономика бойынша» дүниежүзілік стартап байқауының жеңімпаздары жарияланады
Астанада Newenergy global startup fest өтіп жатыр – бұл Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі және «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ өткізіп жатқан баламалы энергетика және «жасыл экономика» саласындағы стартап-компаниялардың халықаралық байқауы. Байқаудың мақсаты «жасыл экономиканы», жаңартылатын және баламалы энергия көздерін дамыту үшін халықаралық инновациялық стартап-жобаларды, компанияларды, венчурлық қорларды және акселераторларды тарту, сондай-ақ халықаралық аренада ЭКСПО-2017 насихаттау болып табылады. Ұйымдастырушылардың ойынша, Newenergy global startup fest – Қазақстан үшін негізгі жобалардың бірі, себебі ол ЭКСПО-2017 көрмесін танымал етеді; Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырады; халықаралық банктерді, инвестициялық және венчурлық қорларды тар…
