Алматыда өткен бизнес форумда Қазақстан мен Чехия кәсіпкерлері байланыс орнатты
Алматыда қала әкімі Баурыжан Байбектің және Чехия Республикасының Сыртқы істер министрі Любомир Заоралектің қатысуымен қазақстандық- чехиялық бизнес фрум өтті, деп хабарлады қала әкімдігі. Шара барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуды, екі ел кәсіпкерлерінің өзара байланысын нығайтуды сөз етті. Алматы әкімі қаланың чехиялықтармен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты күшейтуге ынталы екендігін жеткізді. «Алматы еліміз экономикасының бес бөлігін құрайды, бұл - бизнес пен шикізатсыз экономиканың жеке капиталы қаласы. Сервис пен сауда ЖӨӨ-нің 86%-ын құрайды, мұнда халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компаниялардың 60-тан аса кеңсесі бар, банктер кеңселерінің 90%-ы да осында. Дүниежүзілік банктің «Doing Business» ретингінде Алматының көрсеткіші бойынша Қа…
