ЕУРО-2016. Бүгін футболдан төртжылдықтың басты додасы шымылдығын ашады
Бүгін төрткүл дүние асыға күткен футболдан 2016 жылғы Еуропа біріншілігі басталады. Осымен 15-рет ұйымдастырылған ала доп додасына 24 команда қатысып, өзара мықтыны анықтайды. «Қазақстан» ұлттық телеарнасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 шілдеге дейін футбол мерекесі әлемнің түкпір-түкпіріне тікелей эфирде таратылады. Дүбірлі доп додасынан қазақстандық жанкүйерлер де құр қалмайды. Ұлттық арна турнирдегі 51 кездесудің 36-сын, ал, «Kazsport» телеарнасы 15 матчты тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, матчтардың қайталауын «Kazsport» телеарнасынан көре аласыздар. Ал, 11 маусымнан бастап кешкі сағат 18:50-дегі ойынды «Kazsport» телеарнасы, ал, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 21:50 мен 00:50-де басталатын ойындарды тікелей эфирде көрсетеді. Чемпионат кезінде арнайы студиялық бағдарла…
