Мазмұнға өту
Екпiн
Екпiн

Екпiн

451 жазбалар4 тіркелуші

Дарынды жастар мен замандастарымыздың өмірлік тәжірибесі, мақсаттары, ойы, ұстанған қағидалары жайында сөз етеді. Фоторепортаж, шолу, тарихи маңыздылығы бар материалдармен бөліседі.

Ақ Орда. Қазақ хандығының тарихы.

16 наурыз күні Радик Темірғалиевтің «Ақ Орда. Қазақ хандығының тарихы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Бұл жұмыс қазақ халқының ұлт болып қалыптасуы мәселесін ғылыми тұрғыда көтереді. Автордың айтуынша кітапта қазақ хандығының құрылуы туралы көпшілік біле бермейтін мәліметтер келтірілген. Қазіргі оқулықтарда Қазақ хандығын құрған Ақ Орданың мұрагерлері Ұрыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандар деп берілгендігі баршамызға мәлім. Олар Әбілқайырдың билігін мойындамай, өз алдына жеке ұлттық мемлекет құруды басты мақсат етіп қояды. Сөйтіп Әбілхайыр хандығының тұсындағы бытыраңқылыққа қарсы болған ру-тайпаларды ертіп, Жәнібек пен Керей сұлтандар Жетісу аумағына ауып кеткен. Олар Моғолстан ханы Есен-бұға берген Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, Қозыбасыға Қазақ хандығ…

Сыйлығыңыз дайын ба?

8-наурыз мерекесі жақындаған сайын: "Анама, сүйіктіме, қарындасыма, әріптес/группалас қыздарыма не сыйлаймын?" - деген сауал көп жігіттің басын қатыртып жіберуі мүмкін. Алдарыңызда ару жандарына сыйлығын дайындап қойған жігіттердің жауаптары. Асқарбек: "Көктемде қыздар ерекше құлпырады. Сондықтан бұл кезде оларға күтпеген, қызықты, романтикалық атмосфера құру керек сияқты. 8-наурызда қызым Әлияны мейрамханаға романтикалық кешке шақыруды ойластырып жүрмін. Сол кезде өзінің талғамына қарай бағалы сыйлық, қыздарға ұнайтын алтын бұйым тарту ету ойымда бар". Ернар: "Шыны керек, сыйлық таңдау мен үшін қиын жұмыс. Сондықтан индивидуалды талғамнан гөрі, көп адамның көңілінен шығатын сыйлықтар алуды жөн көремін. Соған байланысты көктемнің ең шуақты мейрамы 8-наурызда аяулы нәзік жандыларға өздері…

Мерекелік салат

Егер көктемнің алғашқы мерекесінде анаңызды, жарыңызды не болмаса қонақтарыңызды жеңіл әрі пайдалы салатпен қуантқыңыз келсе, онда төмендегі рецептті жазып алуға асығыңыз. Бұл салатты қыз-келіншектер ғана емес, ерлер де дайындай алады. Сондықтан теледидардың алдынан шықпайтын әдетіңізді қоя тұрып, әйелдер мерекесінде аз ғана уақытыңызды асханада сый дайындауға жұмсаңыз. Көктемде адамға дәрумендерді қабылдау өте маңызды екенін білетін боларсыздар, ал бұл салат ағзаны авитаминоздан құтақаруы қажет. Балық пен теңіз өнімдерінің пайдасы зор екені айтпаса да түсінікті. Соның ішінде ақсеркенің құрамында өте пайдалы нәрсе - мелатониннің мөлшері көп. Ол ағзаның жасаруына және дұрыс ұйқыны қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мидың жұмысын жақсартатын қасиеті де бар екен. Зәйтүн ақуыз, фосфор, калий, те…

Қысқы Jazzystan

«Қазаққа жат мереке» деп жүрген күні, яғни 14 ақпанда еліміздің музыка сүйер қауымы кезекті Jazzystan фестивалін асыға күтті. Біз де бұл шарадан қалмай, фотоаппарат пен диктофонымызды ала салып, мәдени шараға асықтық. Бұл жолы Рустам Оспанов бастаған ерекше фестиваль «Қазақстан» қонақ үйінің ғимаратында өткізілді. Фестиваль басталмай тұрып, холлда сатылып жатқан әсем handmade жұмыстарына көзіміз бірден түсті. Бұл әшекей бұйымдардың дизайнері Әсел Хожа екен. Музыка мерекесіне келген жандар ерте жиналып, Soul, Jazz, Latin & Brazilian Music сияқты сүйікті әуендерді асыға күтті. Өнер де жас талғамайтын болар, концертке жастар да, кішкентай балалар да, үлкен кісілер де келген болатын. Ең бірінші болып, сахнаға алматылық “SOME TOIR" атты топ шықты. Бұл топ 2011 жылдың басында құрылса да, дә…

7
8
2278

Еліміздің мұражайларын бір жерде тоғыстырған British Council

"Екпін" журналы аптаның мәдени жаңалығымен бөлісу үшін Қазақстандағы British Council-мен ұйымдастырылған шараға қатысуды жөн көрді. 7 ақпан күні British Council еліміздің мұражайларына арналған Kazakhstan-mu seums.com атты сайтты ресми түрде ұсынған болатын. Сайт 3 тілде жұмыс жасайды, әзірге негізгі ақпарат тек ағылшын тілінде, келешекте бұл мәліметтер қазақ және орыс тіліне толықтай аударылады. Жоба «Мұражайларды жаңғырту» бағдарламасы бойынша пайда болды. Шын мәнісінде, бұл өте тамаша идея, шетелден келген саяхатшылар былай тұрсын, өзіміз Қазақстанның қай мұражайында қандай жәдігерлер бар екенін көбінде біле бермейміз. Сайтта экспонаттардың суреттері мен тарихы, сонымен қатар, мұражайдың жұмыс тәртібі мен адресі жазылған. Әсіресе "Алжир" мен "Карлаг" секілді мұражайлар бүкіл қазақстанд…

4
4
1028

IV Қайырымдылық Балға кім келетін болды?

Әрбір адам өмірдің белгілі бір кезеңінде ертегі мен ғажайыптарға сенеді. Ал ондай ғажайып әлемге бір қадам жақындата алатын мәдени-шаралар адам көңілін жадыратпай қоймайды. Алматыда «Eventica» тобының ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін осындай іс-шараның бірі - Қайырымдылық Бал*. *Қайырымдылық Бал – 2007 жылдан бері Алматы қаласында өткізілетін «Жыл жобасы» атағын иемденген мәдени жоба. Жыл сайын шараны бал этикеті мен би сабақтарынан өткен 60 жұп дебютанттар ашады. Балда әлемдік және қазақстандық опера жұлдыздары өнер көрсетеді. Сондай-ақ балдың дәстүрлі қонақтары – шет елдің және Қазақстанның бизнес, саясат, мәдениет, ғылым, спорт саласының жарқын өкілдері. «Мен бұл балға ғашықпын!» - деп «Eventica»-ның бас директоры Марат Омаров айтпақшы, Қайырымдылық Балына қатысқан әр адам бұл шараға н…

5
4
2439

KZ-COMIX-тің 3-ші саны жарық көрді

29 қаңтар күні KIMEP ғимаратында қазақстандық комикстер альманахының 3-ші санының тұсау-кесері болып өтті. Алғашқы 100 кірушіге журнал тегін таратылды. Бүкіл таралымның саны 600 дана екен. Көрмеге альманахқа кірген суреттермен қоса комикс жанрында салынған басқа да жұмыстар қатысты. Осылайша, алматылықтар үшін Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Украина мен Франция суретшілерінің өнерімен танысуға тамаша мүмкіндік туды. "Екпін" командасы бұл мәдени шарадан қалмай, жас суретшілермен танысуға асықты. Алдарыңызда көрменің бірінші күні және оған қатысқандар. Адиля Смағұлова, шараның ұйымдастырушысы: “2010 жылдың желтоқсан айында ұйымдастырушылармен жиналып, оқырмандарға комикстер жинағын қалай көрсетеміз, қалай таныстырамыз деп ойладық. Бәрі де сол кезден басталды. Сол жылы алғашқы көрмеміз де өтті…

Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз