"Жас арыстандар" жарнама фестиваліне қатысыңыз
Кеше «Канн арыстандары» атты жарнама фестивалінің Қазақстандағы ресми өкілдігінің ашылуына байланысты Алматыда кішігірім шара өтті. Белсенді жастар мен креативті адамдардың жиылған ортасын «Екпін» сырт айналып кете алмады. 2012 жылғы бұл фестиваль аясында елімізде алғаш рет «Жас арыстандар» (немесе “Young Lions”) атты жарнама, маркетинг, маркетингтік коммуникациялар саласында жұмыс жасайтын жас мамандарға арналған байқау өтпек. Он жеңімпазға Apple iPad сияқты сыйлар дайындалған. Ал гран-при жеңімпазы маусым айының 17-23 күндері Францияның Канн қаласында өтетін фестивальге бару мүмкіндігіне ие болады. Кештің ресми бөлімін «Жас арыстандар» байқауының ұйымдастырушысы Асхат Өскембаев бастады: «Сонымен байқауға қатысу үшін: - жасыңыз 28де немесе одан кіші болу керек;- ҚР азаматы болуыңыз керек…
