«Талпын» тобы: «Біз үшін театрдың орны ерекше»
Қазіргі қазақ сахнасындағы эстрада бағытында бағын сынап, халық жүрегінен жылы орын алып жатқан жеке әншілер мен көптеген топтардың жыл сайын қарыштап дамып, көбейіп келе жатқаны қуантады. Десе де «әннің де есері бар, естісі бар» демекші, тыңдарман жүрегіне жол тауып жатқандары қуанта қоярлықтай көп емес. Жас та болса қазақ өнеріне өзіндік үн қатып, даңғыл жол салуды көздеген «Талпын» тобының жігіттері халыққа өз ойларын ортаға салып пікірлеспек. - Сөзімнің бісмілләсі ретінде қояр сұрағым топтың атын «Талпын» деп қоюдағы басты себептерің неде? Мәулен: - 2006 жылы Талдықорған музыкалық колледжінде 2 курста оқып жүргенімізде мен, Еркебұлан, Мерей үшеуміз акапеллалық әндер орындап жүрдік. Кейіннен дауыс үйлестігімізді байқаған адамдар «неге топ құрмайсыңдар?» - деп ұсыныстар айта бастады. Ал…
