Мазмұнға өту
EcoTime
EcoTime

EcoTime

57 жазбалар41 тіркелуші

Время подумать об экологии

"Жасыл ЖОО" - жас қоғамды дамыту құралы

2022 жылдың 13 желтоқсанында "PlastNet" пластикалық қалдықтарды жинау және қайта өңдеу кәсіпорындарының желісі Алматы қаласы аумағында жүзеге асырып жатқан "Қалдықтарды бөліңіз – бізде басқа планета жоқ" әлеуметтік жобасын іске асыру кезеңінде атқарылған жұмыстар туралы хабардар ету мақсатында "Жасыл ЖОО" - жас қоғамды дамыту құралы ретінде" атты конференция ұйымдастырды.Жобаның мақсаты - қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәселелері бойынша жас ұрпақты хабардар ету және оқу орындарының аумағында қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізу арқылы эко-саналылыққа тәрбиелеу. Биылғы жылы жоба Алматы қаласындағы ірі 3 жоғарғы оқу орындарын қамтыды (АТУ, АЭжБУ және ҚазҰҚПУ).Конференцияда барысында ЖОО студенттері арасында өткен "Табиғатты сақта – қалдықтарды сұрыпта" республикалық жобалар байқауының жеңі…

0
0
520

Табиғи парктің тартылыс күші

Әсем табиғаты мен терең тарихын талай ақын жырға қосқан Бурабай өңірінің орны қашанда бөлек. Сұлу Көкшеге келіп, Оқжетпес, Жұмбақтас, Жекебатыр, Абылай хан алаңы және басқа да түрлі аңыздарға арқау болған көрікті жерлерді тамашалап, табиғат аясында демалатын туристердің қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді. 📷Жалғасы біздің веб-сайтта сілтеме: https://biz.kz/2022/07/20/tabi-i-parkti-tartylys-k-shi/ #новости #bizkz #тренды #трендыbiz #новостиbiz

0
0
327

Алматыда күзгі ағаш отырғызу жұмыстары басталды

Жалпы 2021 жылы 350 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған,  оның 64 594-і көктемде отырғызылды. Күз мезгілінде 285 мыңнан астам ағаш отырғызылады деп жоспарлануда. Биылғы күздік маусымда қалпына келтіру және бастамашылдық ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіледі. Қаланың жаңа аудандарына аса назар аударылып жатқандығын атап өту қажет. Осылайша ағаштардың басым бөлігі Алатау,  Наурызбай аудандарында отырғызылатын болады. Қазіргі кезде Түрксіб ауданында 280 түп жапырақ тұқымдас ағаш отырғызылды. ШААЖ мен қарағай орманында жұмыстар басталып, 8 мыңнан аса ағаш отырғызуға арналған шұңқыр әзірленді. Сонымен қатар,  қалада кез-келген алматылыққа ағаш отырғызуға мүмкіндік беретін "Жасыл қала" науқаны жарияланды.

0
0
361

Алматыда "Жасыл қала" науқаны басталды

Көпқабатты үйлер ауласы мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға ниетті әрбір алматылық шаған, үйеңкі, шегіршін, терек, қараған мен қайыңның көшеттерін тегін ала алады. Науқан қатысушылары отырғызылған ағаштарды алдағы екі жыл бойы күтіп-баптау туралы кепілді міндеттемеге қол қоятындығын ескерген жөн. Қатысу үшін [email protected] элентронды поштасына келесі мәліметтерді жолдау қажет: 1. Қатысушының аты-жөні мен телефон нөмірі, ағаш отырғызылатын орынның нақты мекенжайы; 2. Ағаш отырғызылатын орынның фотосы (мамандарға орынды толықтай бағалауға мүмкіндік болуы үшін панорамалық форматта болғаны жөн); 3. Сұралып отырған көшет түрі мен саны. Өтініштер 18-31 қазан аралығында қабылданады. Көшеттер келесі мекенжайларда таратылады: - Алатау ауданы әкімінің аппараты; Жанқожа батыр көше…

0
0
250
Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз