Мазмұнға өту
Cybersport Qaz
Cybersport Qaz

Cybersport Qaz

144 жазбалар6 тіркелуші

Киберспорт жайлы соңғы жаңалықтар мен онлайн ойындардын әлеміне шолу.

Украинаға көмектесу үшін Fortnite ойыншылары 144 миллион доллар жинады

Epic Games және Microsoft компаниялары Fortnite арқылы Украинаға көмектесу әрекеттерін қолдау науқанын аяқтап, әсерлі $144 миллион жинады. Екі компания да соңғы екі аптадағы ойыннан тапқан табыстарын Украинада соғыстан зардап шеккен адамдарға қолдау көрсетіп, гуманитарлық мақсаттарға аударды

Қаражат "Тікелей көмек" қорына, ЮНИСЕФ-ке, БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына, Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссарына және "Дүниежүзілік Орталық Ас үйіне" жіберіледі

Бұл науқан Fortnite ойынының соңғы маусымының басталуымен тұспа-тұс келді, бұл көптеген ойыншылардың ойындағы соңғы "Battle Pass" құлпысын ашу және ойын ішіндегі жаңа элементтерді алу үшін "V-Bucks" сатып алғанын білдірді. Epic және Xbox сонымен қатар сыйға берілетін"Battle Pass" бөліктерін, Fortnite Crew жазылымдарын және осы уақытта өтелген сыйлық карталарын қайырымдылық мақсаттарға берді.

1
0
333

Кейінге қалдырылған Halo Infinite екінші маусымы 3 мамырда басталатын болады

Microsoft пен 343 Industries Halo Infinite-нің екінші маусымы 3 мамырда басталады деп хабарлады. «Одинокие волки» жаңа ареналық карталары мен Үлкен командалық ұрыстардың, жаңа тәртіптердің  (жерді басып алу және Last Spartan Standing-ті тегін түрде жоюды қоса отырып) және шектеулі уақыттағы оқиғалардың шыққанын атап өтеді. Сонымен қатар,  ойнау мерзімі бітпейтін жаңа жауынгерлік рұқсатнама мен басқа да көптеген толықтырулар болады.

Бастапқыда екінші маусым ойын шығарылған күннен кейін үш айдан соң шығады деп болжанған болатын. 

Бұл 343 Industries-тің ойынды қараша айынығ ортасында  іске  қосу күніне (көп қолданушы компоненті сынға түскен кезде) немесе ойынның толық нұсқасы желтоқсан айында шығарылған кезіне байланысты, ақпан немесе наурыз айларында шығарылушы  еді. Алайда, қараша айында студия бірінші маусым мамырға дейін жалғасатындығын хабарлады.

Сонымен, жанкүйерлер көптен күткен ортақ атқарылған науқан тәртібінің шығуын күтуде сәл шыдамдылық танытқандары дұрыс. Бастапқыда, оған  екінші маусымның басында қол жеткізеді деп болжам жасалған. 

Ол осы маусымның аяғына таман шығарылады. ойыншыларға карталарды түрлендіргіштерімен және бірегей ережелері бар өз ойындарын жасауға мүмкіндік беретін Forge тәртібін бұрынғыша үшінші маусымда енгізу жоспарлануда. Қалай болғанда да,  ойыншыларға үйренулері үшін  жаңа карталар мен  осы уақыт ішінде игерілуі тиіс жаңа ойын тәртіптері болады.

0
0
334

Remedy ПК, PS5 және Xbox Series X/S үшін Max Payne-нің алғашқы екі ойынын қайта жасайтын болады

Фин студиясы сәрсенбі күні  күтпеген жерден жеке компютер, PlayStation 5 и Xbox Series X / S  үшін үшінші тұлғадан классикалық атқыштардағы өзінің культтық сериясындағы алғашқы екі ойынмен толық ремастерде жұмыс істейтіндігі жайлы мәлімдеді.

Екі компания арасындағы жаңа баспалық келісімге сәйкес, Rockstar жобаны "Remedy AAA ойындарының әдеттегі өндірісіне «сәйкес» қаржыландыратын болады. Сонымен қатар, студия ойындарды өзінің жеке Northlight қозғалтқышында, сол бұрынғы Remedy-дің өзінің соңғы Control атауындағы ойыны үшін қолданған қозғалтқышында  қайта ауыстырады. 2019 жылы шыққан уақытынан үш жылдай өтсе де, Control жеке компьютерде секілді, сәулелердің жарқырап ұшуын іске асырудың арқасында консолдарда да бұрынғыдай ең танымал ойындардың бірі болып қала береді.

«Remedy-дегі біздің бұрыннан келе жатқан достарымыз бізге Max Payne-нің түпнұсқа ойындарын қайта құруды өтінген кезде, біз қатты қуандық», - деді Rockstar Games-ті  бірге құрушы Сэм Хаузер. «Біз Remedy командасының көптеген жылдар бойы жасаған жұмысының үлкен жанкүйерлеріміз, және біз осындай жаңа нұсқаларды ойнауды асыға күтудеміз».

2001 жылы шығарылған Max Payne Remedy-ді картаға шығарып және  студияның баяндаушы  үлгісін орнатқан ойын болды. Бұл сондай-ақ, оқ атуда уақыт нәтижесін қоса отырып, The Matrix-тің арқасында танымал болған ойындардың алғашқыларының бірі болды. Екі жылдан кейін Ремеди «Падение Макса Пейна» ойынын шығарды. Rockstar ойын серияларынан  үшінші ойын мен қазіргі уақытта соңғы ойынды өз бетімен  әзірлеуді бастамас бұрын екі ойынды жариялады.

0
0
270

«Fortnite» ойыншылары Украинаға көмек ретінде 144 миллион доллар жинады

Epic Games және Microsoft Fortnite арқылы Украинаға көмек көрсету жөнінде  күш салуға қолдау көрсету бойынша 144 миллион доллар жинап,  өз науқанын аяқтады. Екі компания да соңғы екі аптадағы ойыннан түскен өз кірістерін соғыстан зардап шеккен адамдарға қолдау көрсете отырып, гуманитарлық мақсатта жәрдем жасады. 

  • Қаражаттар Тікелей көмекке, ЮНИСЕФ-ке, БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына, Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарына және Дүниежүзілік орталық тамаққа жіберіледі.

Науқан Fortnite-тің соңғы маусымының басталуымен сәйкес келді, демек бұл дегеніңіз, , көптеген ойыншылар соңғы жекпе-жектің рұқсаттамасын  ашып, жаңа ішкі ойын нәрселерін алу үшін V-Bucks-ті сатып алғандықтарын  білдіреді.. Epic  және Xbox сондай-ақ,  сыйлық ретінде берілген жекпе-жек рұқсаттамаларын,  Fortnite Crew жазылымдарын және осы уақыт аралығында  сатып алынған сыйлық карталарын қайырымдылық мақсатында тарту етті.

0
0
318

Unreal Engine 5 қозғалтқышында жұмыс істейтін жаңа Tomb Raider ойыны жақын күндері шығарылады

Crystal Dynamics студиясы  Tomb Raider  жаңа ойынын «енді әзірлей бастады», - деп компания 5 сәуірде өзінің Twitter-де мәлімдеді.  Студия ойынның қалай аталатынын және жанкүйерлер оны қай уақытқа дейін күтетіндіктері, онда не ойнайтындықтары жайлы ештеңе айтпады, дегенмен, ол Epic-тен жаңа Unreal Engine 5-те жұмыс істейтінін атап өтті. Marvel ' s Avengers-тің орташа жобасында атқарылған жұмыстан соң, Crystal Dynamics-тің қайтадан танымал болуы үшін он жылдан астам жұмсаған уақытының зая кетпегенін және оның  франшизаға қайта оралғанын көретін болады.

Шамасы бұл сондай-ақ, Tomb Raider-ді және 2018 жылғы Shadow of the Tomb Raider сериясындағы ең соңғы негізгі жазбаны іске қосуға ықпалын тигізген Foundation студиясының өзіне меншікті қозғалтқышының жұмысы аяқталғаны жайлы белгі де болуы мүмкін. Crystal Dynamics UE5-ке көшуі студияға өзінің «әңгімесін жаңа деңгейге» көтеруіне септігін тигізеді деп мәлімдеді. Келесі Tomb Raider UE5 үшін жарияланған бірнеше ойындарға қосылады. Оларға  «Ведьмак» және «Черный миф: Укун» ойындары кіреді.  Осы топтағының тек соңғысының шығатын күні белгіленген және қытайлық Game Science Studio әзірлеушісі оны әйтеуір 2023 жылы шығаруды жоспарлап отыр.

0
0
296

Minecraft Rivercraft-ты іске қосады

Бүгін Minecraft негізгі мақсаты  балаларды су тасқыны мен климаттың өзгеруі салдарынан болатын жағымсыз әсерлерге  оқытып үйрету болып табылатын Rivercraft-жаңа әлемді іске қосты 

Онда балаларға су тасқынын басқаруға, су тасқынының алдын алуға және біздің жергілікті ортаға қатысты экологиялық мәселелерді түсінулеріне көмек беретін үш ойын ұсынылды.

Жаңа ойын әлемі Sustainability Advocacy қоршаған ортаны қорғау жөніндегі коммерциялық емес агенттігімен және BlockBuilders  сандық жастармен өзара әрекеттесіп жұмыс істеу жөніндегі ұйыммен бірлесе отырып, әзірленді.

«Олар су тасқыны туралы білді, олар су тасқынынан қорғайтын жергілікті орындардың қандай әрекет жасайтындығын түсінді, және де өздері тұрып жатқан қауымдастық жайлы көбірек білім алды», - деді Minecraft оқу бағдарламаларының директоры Джастин Эдвардс.

Rivercraft - бұл балаларды экологиялық дағдыларға, су тасқыны тетіктеріне және олардан қорғауға оқыту. Сонымен, ойын әлемі оларға жобаларды, командалық жұмысты, инженерлік тұжырымдамалар  басқаруға және әлемнің қай жерінде болса да тұрып жатқан басқа адамдармен өарым-қатынас жасауға оқытады

0
0
410

Netflix өзінің бірінші FPS ойынын қоса отырып, тағы да үш мобилді ойындар алды

Netflix өзінің бірінші FPS ойынын қоса отырып, тағы да үш мобилді ойындар алды.

Толықтырулар жайлы толығырақ

Netflix  өз желісі шеңберінде қолжетімді алғашқы FPS ойынын қоса отырып, сіздер жақын күндері  қызмет көрсету шегіне жазыла отырып, iOS немесе Android-та ойнауларыңызға мүмкіндік беретін тағы да үш мобилді  ойындарын жариялады. 

  • This Is A True Story — бұл  Netflix-тің мәлімдеуінше «Өз жанұясы үшін Сахарадан оңтүстікке су алуға барып жүрген африкалық әйелдің күнделікті қиындықтарының шынайы тарихын баяндау үшін» құрылған білім беретін  мәні бар ойын. Ойынды  Charity: Water-мен бірлесе отырып, Frosty Pop әзірлеп шығарған. 

Shatter Remastered — бұл 2009 жылы PS3-та алғаш рет шығарылған brick-breaking танымал ойынының жаңартылған нұсқасы. 

Ал, Into The Dead 2: Unleashed,  FPS / runner будандық ойынында сіздің  зомби толқындарына шыдауыңызға тура келеді.

Бұл шынайы оқиға, және де Shatter Remastered –ке сейсенбіде қол жеткізе  аласыздар, ал, дәл сол уақытта Netflix-тің  хабарлауынша, Into the Dead 2: Unleashed ойыны жақында шығатын болады. 

Netflix Asphalt Xtreme жарыс ойыны мен League of Legends  қосымша қорын қоса отырып, бағдарламаны қараша айында ресми түрде жіберген сәттен бастап, мобилді ойындардың өз желісін ақырындап ұлғайтуда. Және де мобилді ойындар – бұл Netflix –тің ойындарға деген қызығушылықтың артуының бір бөлігі ғана – компания  Next Games және Oxenfree developer Night School-ды сатып алды, сұрақ-жауап ойындарын шығарды және Trivia Crack танымал брендке негізделген сұрақ-жауап ойындарының күнделікті серияларын шығаруда.

0
0
401

Кирби әнінің кавер-нұсқасы «Грэмми» сыйлығын ұтып алды

Кирби ресми түрде  "Грэмми" сыйлығының лауреаты болып табылады, тым болмағанда рух жағынан болса да. Ең жақсы көркемдеу, аспапты композиция немесе акапелла үшін, 1996 жылғы Kirby Superstar классикалық альбомындағы Meta Knight's Revenge әнін орындағаны үшін қызғылт сфералық тіршілік Чарли Розенн мен Джейк Сильверманның "Грэмми" сыйлығын ұтып алуларына көмегін тигізді. 

  • Аранжировка  бейнеойындар үшін жеке әуенді құруға маманданатын 30-65 адамнан тұратын оркестрмен, дәл аталған 8-Битный Биг-Бэнд-пен орындал

Бұрындары 8-Битный Биг-Бэнд  "Окарина времени "-ден «Колыбельная Зельда»-ны, "Earthbound"-тен "Fourside"-ні, "F-Zero"-дан  "Big Blue"-ні және көптеген басқа да әндерді орындаған. Сіз жоғарыдағы қосымшада Meta Knight's Revenge қайта ойластырылған топтың орындауын тыңдай аласыз – бұл өзіндік трекке деген нағыз джазды көзқарас, және де Super Smash Bros-ке енгізілген Nintendo ремейктен де мықты деп нық айта аламын.

Бейне ойындарға арналған әуен "Грэмми" сыйлығына көп ұсыныла бермейді, дегенмен  Kirby and the Forgotten Land-тың жақында болған шығарылымын ескере отырып, бұл жеңістің әсіресе өз уақытында болғанын айтуға болады. 

Civilization IV-тің Baba Yetu әні жеке альбом болып қайта басылып шығарылғаннан кейін 2011 жылы «Грэмми» сыйлығын иеленді. 

  • 2012 жылы «Путешествие» көзбен шолу медиасына арналған ең жақсы саундтрек сыйлығын алды, алайда, соңында «Девушка с татуировкой дракона»-дан ұтылып қалды.
0
0
270

2022 жылдың бірінші тоқсанында мобилді ойындардан түскен кірістер 7%-ға төмендеп, $21 млрд құрады

Sensor Tower-дің  жаңадан берген есебі бойынша 2022 жылдың бірінші тоқсанында мобилдік ойындар 21 миллиард доллар табыс әкелді, және де бұл кіріс былтырғы жылдың осы мерзімдегі табысынан 7% төмен болғандығын мәлімдеді.  Сонымен қатар, аналитикалық фирма App Store және Google Play дүкендерінде сатылатын  ойындарға кететін шығыстарды топ-топқа бөлді.

Google Play market 8 миллиард доллар табыс тауып,  осы мерзім ішінде саудадан түскен ақшасы  14%-ға төмендеді.  Дәл сол кезде Apple App Store-нің тұтынушылар шығысы 2%-ға төмендеп, 13 миллиард долларды құрады.

  • Тоқсан аралығында екі дүкендегі мобилді ойындарды сататын үш көшбасшы бұрынғыдай танымал болып қала берді.
  • Tencent Honor of Kings компаниясы 735 миллион доллармен кірістер кестелерінің ең басында тұр.
  • PUBG Mobile 643 миллион  доллармен екінші орынды иеленді. 
  • Бір тоқсанда 551 миллион доллар табыс тапқан miHoYo Genshin Impact экшн-рөлдік ойыны үшінші орынға ие болды.

Бұдан бөлек, Sensor Tower ойын маркетингінде жарнамаға кететін шығыстардың  бір тоқсан ішінде жылдық есептеу бойынша 41%-ға өскенін хабарлады.

0
0
339

Sony жеке саудадан шыға ма?

Бүгін Sony PlayStation өзінің солтүстік американдық кеңселерінен 90-ға жуық қызметкерлерін жұмыстан қысқартты, олардың көпшілігі сату және маркетинг бойынша  қызметте болған.еді. 

Axios-тың хабарлауынша, бұл өзгеріс алаң иесінің бизнес-операцияларының «ғаламдық өзгерісіне» байланысты болды.  

Ойын алыбының шешімі тұтынушыға тікелей бағытталған бизнес-үлгіге жорамалданған.

Ойын фирмасы өзінің мерчендайзерлер бөлімшесін жабуды жалғастыруда, бұған PlayStation өнімдерін сату үшін жекелеген дүкендермен жұмыс істейтін өкілдері мен олар жайлы ақпарат беретін қызметкерлері кіретін.

Sony ойындарды көтерме сауда мен жеке сауда қызметінен кететіндіктен, себебін ол тұтынушыға тікелей бағытталған маркетингке жұмылдырылуы мүмкін деп есепте көрсетілді.

Axios қызметті қысқарту туралы бұл шешімнің қабылданғаны компания үшін бизнестің тиімді екендігіне байланысты болғанын атап өтті. Компанияның берген есебіне сәйкес, өткен жылғы түсім 25 миллиард доллар көлемінде қаржыны құрады. 

Sony  сатылған ойындарға қатысты мәлімдемесінде оның саудасының 65%-ы толық 12 ай мерзім ішінде сандық болғандығы жайлы айтып өтті. 

0
0
315