Мазмұнға өту
Обложка сообщества Cybersport Qaz

2022 жылдың бірінші тоқсанында мобилді ойындардан түскен кірістер 7%-ға төмендеп, $21 млрд құрады

Sensor Tower-дің жаңадан берген есебі бойынша 2022 жылдың бірінші тоқсанында мобилдік ойындар 21 миллиард доллар табыс әкелді, және де бұл кіріс былтырғы жылдың осы мерзімдегі табысынан 7% төмен болғандығын мәлімдеді. Сонымен қатар, аналитикалық фирма App Store және Google Play дүкендерінде сатылатын ойындарға кететін шығыстарды топ-топқа бөлді.

Google Play market 8 миллиард доллар табыс тауып, осы мерзім ішінде саудадан түскен ақшасы 14%-ға төмендеді. Дәл сол кезде Apple App Store-нің тұтынушылар шығысы 2%-ға төмендеп, 13 миллиард долларды құрады.

Тоқсан аралығында екі дүкендегі мобилді ойындарды сататын үш көшбасшы бұрынғыдай танымал болып қала берді.

Tencent Honor of Kings компаниясы 735 миллион доллармен кірістер кестелерінің ең басында тұр.

PUBG Mobile 643 миллион доллармен екінші орынды иеленді.

Бір тоқсанда 551 миллион доллар табыс тапқан miHoYo Genshin Impact экшн-рөлдік ойыны үшінші орынға ие болды.

Бұдан бөлек, Sensor Tower ойын маркетингінде жарнамаға кететін шығыстардың бір тоқсан ішінде жылдық есептеу бойынша 41%-ға өскенін хабарлады.

0
0
278

Осы тақырып бойынша