Хор музыкасы бойынша дүниежүзілік симпозиумы (WSCM)
Хор музыкасы бойынша дүниежүзілік симпозиумы (WSCM) 25-30 сәуірде Стамбұлда өтеді. Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі ұйымдастыратын симпозиум Стамбұлдағы Бейоғлы ауданының тарихи орындарында, әсіресе, Ататүрік мәдени орталығында әлемнің ең үздік хор ұжымдары мен тәжірибелі мамандардың басын қосады.Конгресс туризмі (MICE) бойынша әлемдегі жетекші қалалардың бірі ретінде Стамбұл жыл сайын түрлі шаралар ұйымдастырады. Халықаралық хор музыкасы федерациясының (IFCM) соңғы алты жылдағы ең үлкен шарасы саналатын Дүниежүзілік хор музыкасы симпозиумы (WSCM) – солардың бірі. 25-30 сәуір аралығына жоспарланған симпозиум пандемиядан кейінгі алғашқы әлемдік байқау ретінде тарихта қалады.Биылғы Дүниежүзілік хор музыкасы симпозиумының тақырыбы – “Көкжиекті кеңейту”. Жер шарындағы барл…
















