Өзіміз қолданып жүрген шай туралы не білеміз ?
Жанатаев Д.Ж.ҚР еңбек сіңірген қайраткері, доцентЖауғашты Р.А.ҚазҰУ , Филология факультетінің1-курс магистрантыШай. Бұл 3 әріптен тұратын қарапайым зат кез - келген отырысты қалай жандандырады десеңші?! Таң атырсақ та, қонақ келсе де, тамақтансақ та шаймен бастап, шаймен аяқтаймыз. Сырқаттансақ тағы да шай.Мәліметтерге сүйенсек , шай б.з ІІІ ғасырынан бастап мәдениет ретінде танылған. Шай сөзінің үйреншікті болып кеткені соншалық , оның түпкі мағынасына үңіле бермейміз. Ал қытай тілінен алынған бұл сөз «жас жапырақ» деген мағынаны білдіреді екен.Шай дегеніміз не? Бұл сұраққа әркімнің берер жауабы әрқалай. Қарапайым тұрғындар үшін бұл жәй сусын , ал дәстүрлі медицина дәрігерлері түрлі аурулардың алдын алады деп есептесе , диетологтар аминқышқылдары секілді көптеген дәрумендердің жиынтығы д…
