Мазмұнға өту
Абай өңірінің негізгі жаңалықтары
62 жазбалар4 тіркелуші

Абай өңіріндегі ең өзекті әрі маңызды жаңалықтар осы жерде

Абай облысында үздік ұстаздар еңбек етеді

Елімізде «Үздік педагог-2023» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 64 педагогі өз мамандығынан үздік Абай облысынан Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпсалалы гимназиясының информатика пәні мұғалімі Шынар Баяхметова және №15 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жадыра Толеуқоңыр республикалық байқау жеңімпазы болып, «2023 жылдың үздік педагогі» атанды.Байқау жеңімпаздары «Үздік педагог» сертификатымен, төсбелгімен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.Айта кетсек, «Үздік педагог» конкурсы 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биыл конкурсқа қатысу үшін барлығы 961 өтінім берілді. Облысымыздан алты педагог қатысып, екеуі жүлдемен оралды.Ұстазына сай шәкірттер орта мектеп оқушылары білім беру,…

2
0
575

Семей өзінің өнеркәсіптік әлеуетін қалпына келтіруде

Қазақстанды индустриялық-инновациялық дамыту (ИИД) «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасының басты бағыты болып табылады. Жақында қайта құрылған Абай облысы, бұрын Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік орталықтарының бірі болған, енді өзінің инновациялық дамуында біртіндеп қарқын алуда.Облыс әкім Нурлан Уранхаев, СЦКИИД-нің екі міндетін атап өтелік: өңдеу өнеркәсібі (ӨӨ) кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту. Және соның негізінде – өндірісті ұлғайту және ӨӨ тауарларының ассортиментін кеңейту.Саяси уәждер бойынша Семей облысы «оңтайландырылғаннан» кейін, аймақ біршама дәрежеде өзінің жетекші позициясын жоғалтқаны белгілі. Елдің қазіргі басшылығының саясаты өңірдің өнеркәсіптік, ғылыми және аграрлық әлеуетінің жандануына үміт артуға мүмкінді…

3
0
587

Абай облысында Халықаралық еріктілер күні аталып өтті

Семей қаласында «Кең жүрекпен» еріктілер форумы өтті. Салтанатты шара барысында 2023 жылы атқарылған жұмыс нәтижесі таныстырылды.Адал еңбектеріне алғыс ретінде еріктілерге алғыс хаттар табысталып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.Облыстағы волонтерлік ұйымдар өз қызметімен ғана шектелмейді. Олар балалар үйімен және түрлі орталықпен тығыз байланыста жұмыс істейді. Бүгінде еріктілер қоғамдағы жұмыстардан тыс қалмай, әрқашан береке-бірліктің және қамқорлық пен қолдаудың нағыз үлгісін көрсетіп келеді.«Волонтердің өмірлік ұстанымы – адамдарға қолайлы жағдай жасап, қиын уақыттарда әрқашан көмек қолын созу болып табылады. Сондай-ақ біз қоғамдағы өткір мәселелердің де шешу жолдарын әрқашан қарастырамыз. Қазіргі уақытта лудоманияға қарсы бірқатар жобалар әзірленіп жатыр. Болашақта жастардың мә…

1
0
511

«Умные» велосипеды внедряют в одной из школ области Абай

В области Абай представили эко-продукт «Безотходная школа», передает корреспондент агентства Kazinform со ссылкой на пресс-службу областного управления образования.В ведомстве рассказали, что школьники Аягозского района области Абай представили уникальный продукт под названием ECOBIKE — это современный велосипед, обладающий множеством функциональных возможностей. Инновационный велосипед не только служит тренажером для укрепления здоровья и тренировки мышц, но также генерирует бесплатное электричество при каждом запуске. С помощью дополнительных инструментов он преобразуется в источник постоянного тока, достигая напряжения до 220 вольт, что позволяет заряжать различные устройства, такие как телефоны и планшеты.Особенностью ECOBIKE является интегрированный мусорный бак с резаком-измельчител…

2
0
489

Қытай елінің ірі компаниялары Абай облысымен ынтымақтастық орнатуға дайын

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев бастаған Абай облысының делегациясы ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданының ірі өнеркәсіп орталығы – Үрімжі қаласына келді. Сапар барысында кәсіпкерлер, бизнес өкілдері мен басқарма басшылары өңірлер арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.«Қытай – біздің аймақтың негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Биыл қаңтар-қазан айларында Абай облысының жалпы тауар айналымының 92% немесе 266 миллион АҚШ доллары Қытай өңірлерімен шекаралық сауда арқылы қамтамасыз етілген. Мәселен, экспорт 178 миллион АҚШ долларын, Қытай өнімдерінің импорты шамамен 88 миллион АҚШ долларды құрады», — деді Нұрлан Ұранхаев.Сапар аясында облыстан арнайы барған делегация «Сан Бао» Шыңжаң сауда-өнеркәсіптік корпорациясы» ЖШС-нің бас…

0
0
441

Абай облысы студенттері кәсіби шеберлік чемпионатында үздік атанды

Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Жарысқа 22 жасқа дейінгі 545 маман және еліміздің түкпір-түкпірінен 520 сарапшы қатысты. Колледж студенттері 30 құзыреттілік бойынша өз дағдылары мен кәсіби шеберліктерін көрсетті. Әсіресе, «Шаштараз өнері», «Кірпіш қалау», «Мобильді робототехника», «Мехатроника», Кондитерлік іс», «Кіші сыныптарда оқыту» бағыттарында басқа өңірлерден ілгері болды. Бүгін Астана қаласының Бейбітшілік және келісім сарайында Республикалық чемпионатқа қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Чемпионат қорытындысы бойынша Абай облысының командасы жалпы командалық есепте 1 орынды иеленді (алтын - 6, күміс - 2, қола - 3 және 12 медальон). Чемпионат жеңімпаздары Қазақстанды 2024 жылғы 10-15 қыркүйегі аралығында Франц…

0
0
445

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ӨТКЕН АУҚЫМДЫ IT-ФЕСТИВАЛЬДА ҮЗДІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР АНЫҚТАЛДЫ

IT саласындағы үздік инновациялық жобалар мен цифрлық технологиялар таныстырылатын оқушылар мен студенттер арасында «Steam fest «Digital Abai» облыстық IT – фестивалі өтті. Іс-шара өскелең ұрпақты ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу, оқушылар, студенттер мен педагогтердің үздік IT-шешімдерін анықтау, қолдау және тарату, жаңа инновациялық технологияларды ұсыну, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Шараға Астанадағы CEO Yessen&Co өкілі Азат Есенов, «Нейрондық желілер орталығының» Promt-engineer Даниал Темирханов, Алматыдағы Developer Relations Coordinator for Google Developers (GDG CentralAsia) өкілі Аскар Айтуов, Үндістандағы жасанды интеллектке негізделген техникалық өнім Asambhav менеджері Shreya Mehta, Семей қаласындағы Freedom Broker компаниясының ө…

0
0
443

Абай облысында әлеуметтік мәселелерді шешуге қолдау көрсетілді

Облыста 2030 жылға дейін халық табысын арттырудың өңірлік бағдарламасы қабылданды. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі мәлімдеді.Жыл басынан бері 4651 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алса, оның ішінде 1847 отбасы көп балалы. Кәсіпкерлік бастама аясында жастарға 2,5% шағын несие беру жұмысы да басталды. Мәселен, 211 шағын несие беріліп, 207 шағын несие төленді.Президент тапсырмасымен мүгедектігі бар адамдарға арналған 150 орындық заманауи оңалту орталығы ашылды. Облыста 24 481 мүгедектігі бар адам тұрады. Оның 2 905-і – балалар. Бұдан бөлек, оңалту шараларын арттыру және одан әрі бейімдеу, өмір сүру сапасын жақсарту үшін Семей мен Аягөзде 150 орындық екі орталық салуды көзделген.Халықтың әлеуметтік осал тобының тұрғын үй мәселесін шешу үшін жеке т…

0
0
304

Семей қаласын дамытудың бас жоспары әзірленіп жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Семей қаласын дамытудың Бас жоспарын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы ретте Семей қаласының төңірегіндегі 32 елді мекенді дербес облысқа біріктіру жұмысы басталып кетті. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі мәлімдеді.2023 жылға қаланы абаттандыруға, көгалдандыруға 3,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бүгінде қаладағы 70 ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталып, 41 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері жөнделіп, 9 тұрғын үйге қабырға суреттері салынды.Сондай-ақ облыста Семей қаласындағы Ертіс өзені арқылы жаңа, төрт жолақты, көпір құрылысы жүріп жатыр, оны 2025 жылға дейін аяқтау жоспарланған. Аспалы көпірді жапон мамандары тексерді. Қазір жобалық-сметалық құжатамалары әзірленіп жатыр. Айта…

0
0
253

Өңірде жылу және сумен қамтамасыз ету мәселесі басты назарда

Облыста қуаттылығы сағатына 100 Гкал-дан жоғары 4 ірі жылу көзі, сағатына 100 Гкал-дан төмен 40 шағын қазандық және бюджеттік ұйымдардың меншігіндегі 273 автономды қазандық, сондай-ақ жеке меншікте 5 қазандық бар. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі мәлімдеді.Дегенмен, бұл саладағы басты мәселенің бірі – жылу желілерінің тозуы. Облыстағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 464,5 шақырымды құраса, бұл желілердің орташа тозу деңгейі 68%. 279 шақырымға жуық жылу желісі қайта құруды қажет етеді. Биыл 24 млрд теңгеге жылу желілері мен көздерін жөндеу, қайта жаңғырту мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілді.Сондай-ақ ЖЭО-3 құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр, жұмысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жоспарланған жылу қуаты…

0
0
223