Мазмұнға өту
Абай өңірінің негізгі жаңалықтары
62 жазбалар4 тіркелуші

Абай өңіріндегі ең өзекті әрі маңызды жаңалықтар осы жерде

Абай облысында құрылыс жұмысы қызу жүріп жатыр

Облыста оқушы орын тапшылығын азайту үшін «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2025 жылға дейін 5700 орындық 11 мектеп салынады. Жобаны 2023 жылы жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 8 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі мәлімдеді.Қазіргі таңда Семей қаласының әртүрлі ауданында: Қарағайлы шағын ауданында 1200 орындық, Водный кентінде 600 орындық, Ақсуат ауылында 300 орындық 5 мектептің, Бесқарағай ауылында 300 орындық, ал Аягөз қаласының «Ет комбинаты» шағын ауданында 600 орындық мектеп құрылысы қарқынды жүріп жатыр. 2025 жылға дейін Білім беру инфрақұрылымын қолдау Қорының қаражаты есебінен 6 шағын мектеп, және жұмыс істеп тұрған мектептерге 6 қосымша құрылыс салынатын болады.Балаларды қосымша…

0
0
240

Облыста 2027 жылға дейін 102 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланған

Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспары Үкіметтің қаулысымен бекітілді. Онда жалпы инвестиция көлемі 1,9 трлн теңгені құрайтын 102 іс-шара қарастырылған. Биыл 89,2 млрд теңгеге 45 іс – шараны іске асыру жоспарланған. Тиісті жұмыстар басталды. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі мәлімдеді.Қазіргі таңда «ARX Minerals» ЖШС Берқара кен орны базасында руда өндіру және катодты мыс өңдеу зауытын, «Muhit Agro» ЖШС тұрақты суару алаңының инфрақұрылымын, Бесқарағай ауданындағы «Мукинов» шаруа қожалығында 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңын, сондай-ақ Көкпекті ауданындағы «Елімай» ЖШС-нің 1543 га алқапты суару жүйелерін салу жобасы іске асырылды. Ақсуат ауданындағы «Жанса…

0
0
317
Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз