Алакөл: Туристерге қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде
Алакөл – Абай облысының ғана емес, бүкіл Қазақстанның туристік әлеуеті жоғары аймақтарының бірі. Жаз мезгілінде мыңдаған демалушыларды баурап алатын көркем көл жағалауында биыл көптеген жаңашыл жобалар іске асып жатыр. Аймақ әкімдігі мен тиісті органдардың кешенді жұмыстары нәтижесінде туристердің қауіпсіз әрі жайлы демалуына жағдай жасау басты басымдықтардың біріне айналды.Жағалаудағы өзгерістер: инфрақұрылым жақсарды. Жағалауда соңғы күрделі жөндеу және Арбат құрылысы 2018 жылы жүргізілген еді. Содан бері уақыт өте келе орталық серуен алаңы – Арбаттың қазіргі жағдайы сын көтермейтін күйге түсті. Демалыс аймағындағы тенттердің жыртылуы, тот басқан тұтқалар мен сынық қоршаулар адам өміріне қауіп төндіретін деңгейге жеткен. Биыл бұл мәселе шешімін тапты. Облыстық бюджеттен бөлінген 1…
