Мазмұнға өту
Абай өңірінің негізгі жаңалықтары
62 жазбалар4 тіркелуші

Абай өңіріндегі ең өзекті әрі маңызды жаңалықтар осы жерде

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Семей қаласындағы соғыс ардагерлерін Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады. Облыс әкімі әуелі 104 жастағы соғыс ардагері, «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдиннің шаңырағына барды. Әбдіғали Қаймолдин 1941 жылы әскер қатарына шақырылып, 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі аралықта Сталинград, 1-Украина, 1-Беларусь, 3-Балтық майдандарына қатысады. Харьковті азат етуге атсалысады. 2023 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі, батылдығы, жанқиярлығы мен соғыстан кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін «Халық қаһарманы» атағын беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз және «Отан» орденімен марапатталды. Ал 99 жастағы соғыс ардагері Иван Шевцов Польша мен Чехословак…

0
0
111

Семейліктер Астанада өтетін әскери шеруді тамашалауға жиналды

Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтеді.

Семейліктер әскери шеруді тамашалау үшін облыс орталығындағы Арбатқа келді. Ардагерлер, облыстық мәслихат депуттары, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар алаңқайға қойылған LED-экранның қасына жиналды.

Айта кетейік, Елордадағы Әскери парадқа қатысуға Абай облысынан 16 адамнан құралған делегация аттанды. Оның ішінде тыл және еңбек ардагерлері бар.

0
0
201

Семейде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік жүгірісі» өтті

Семей қаласында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аясында кең көлемдегі «Бірлік жүгірісі» марафоны ұйымдастырылды. Жарысқа кәсіби спортшылармен қатар әуесқой жүгірушілер де қатысты. Қатысушылар 5 және 10 шақырым қашықтықтардың бірін таңдай алды. Жүгіру Қалалық офицерлер үйінің алдындағы алаңнан басталып, Әуезов даңғылы бойымен өтті.Мерекелік көңіл-күй, спорттық жігер және шуақты ауа райы бұл күнді нағыз жарқын әрі есте қаларлық оқиғаға айналдырды. Жарысқа жастар, спорт ардагерлері, мекеме қызметкерлері, оқушылар мен студенттер қатысты. Көптеген адам жарысқа жанұясымен және достарымен келіп, спортшыларды қолдап, бірлік рухын бірге бөлісті.Семей қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қуат Исажанов мұндай шаралар спортты насихаттап…

0
0
141

Курчатов қаласында бюджет, инвестиция және өнеркәсіп өндірісінің өсуі байқалуда

Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте Курчатов қаласының әкімі Болат Әбдіралиев 2025 жылдың I тоқсанындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер туралы мәлімдеді.Оның айтуынша, қалалық бюджеттің кіріс бөлігі 55%-ға артық орындалып, бюджетке 832 миллион теңге түскен. 2024 жылдың қорытындысы бойынша артық орындалу 30%-ды құраған, бұл тұрақты оң динамиканы көрсетеді.– Бұл көрсеткіштер қаланың тұрақты дамып келе жатқанын дәлелдейді. Курчатов өңірдің өнеркәсіптік және инвестициялық тартымды орталығы болып қала береді, – деді Әбдіралиев.Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 748 миллион теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда екі есе артты. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,1 миллиард теңгеге жетті. Алдыңғы қатарлы кәсіпорындар қатарында – Ұлттық ядролық орта…

0
0
104

Семейде қала бизнесінің өкілдерімен абаттандыру мәселесі талқыланды

2025 жылғы 29 сәуірде Семей қаласы әкімінің орынбасары Азамат Серікболұлы Сәлімбаев қаладағы кәсіпорын басшыларымен және ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.

Кеңес барысында бизнес нысандарының іргелес аумағын абаттандыру, тазалық сақтау және сыртқы келбетін жақсарту мәселелері көтерілді. Қала басшылығы тарапынан нысандарды тиісті жағдайда ұстауға қатысты нақты ұсыныстар мен бағыттар берілді.

Азамат Серікболұлы “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында бизнесті белсенділік танытуға шақырып, “Сыртқы келбет – бизнестің имиджы, қаланың көркеюіне үлкен септігін тигізеді. Өз ауламыздан бастайық!” – деп атап өтті.

Кездесу соңында кәсіпкерлер бұл бастаманы бірауыздан қолдап, бір ай ішінде өз нысандарының аумағын тәртіпке келтіретіндерін жеткізді.

0
0
141

Аягөзде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 жылдыққа - 80 ағаш» экологиялық акциясы өтті

28 сәуір күні Аягөз ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 жылдыққа – 80 ағаш» атты экологиялық әрі патриоттық акция ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – ардагерлердің ерлігін мәңгі есте сақтау, жастардың отансүйгіштік рухын және қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ аудан экологиясын жақсартуға үлес қосу.Акцияға 300-ге жуық адам – ардагерлер, мектеп оқушылары, еріктілер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер мен аудан тұрғындары белсене қатысты. Акция бейбіт өмірдің, жасампаздықтың және ұрпақтар сабақтастығының символына айналды.Шарада Аягөз аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекболат Ахмешов сөз сөйледі.– Жеңістің 80 жылдық мерейтойы – жай ғана тарихи дата емес, ол – ұрпақтар арасындағы көпір. Бүгін біз ата-бабаларымыздың ерлігін тек сөзбен ғ…

0
0
255

Аймақ тазалығы — ортақ міндет: Абай облысында ауқымды экологиялық акциялар өтті

28 сәуір күні Абай облысының қалалары мен аудандарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында кең көлемді экологиялық шаралар ұйымдастырылды. Өңір тұрғындары туған жердің тазалығы мен экологиялық мәдениетті дамыту идеясын бір ауыздан қолдап, бірлік пен белсенділік танытты.Семей қаласында осы күні бірден екі маңызды экологиялық акция өтті. Қалалық ішкі саясат бөлімі «СОЦKZ» қоғамдық қорымен және еріктілермен бірлесіп, әуежай аумағында көшет отырғызу шарасын өткізді. Қатысушылар ондаған ағаш отырғызып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.Сондай-ақ, Семейде «Жастар — Таза Қазақстан үшін» атты акция ұйымдастырылды. Жастар ресурстық орталығы мен «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен 100-ден астам белсен…

0
0
246

Семейде «Жеңіс эстафетасы» символын қабылдау салтанаты өтті

Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған «Ерлікке – тағзым, жастарға үлгі» атты 1941 жылы Семей қаласында құрылған  238-ригалық қызыл тулы, 8-Ямполдық  гвардиялық атқыштар дивизиялар құрметіне арналған  Семей қаласының «Жеңіс алаңынан «Мәңгілік оттан» алынған  алауды  Мақаншы ауданы бойынша шекара басқармасына тапсыру акциясы  және Тәуелсіз мемлекттер достастығы «Жеңіс эстафетасы» символын қабылдау салтанаты өтті.Шарада қала әкімінің орынбасары Қ.Абылдаев сөз алып, бүгінгі эстафета “Ерлік ұмытылмайды, ер есімі мәңгі жасайды!” деген ұранның айғағы екенін айтты.«Бүгінгі ұрпаққа бейбіт заман сыйлаған  ата-бабаларымыз мәңгі ел есінде қалады. Елімізде  осындай игі істер көп бола берсін! Еліміз аман, бейбіт заман болсын!»-, деп жерлестеріне ізгі тілегін ж…

0
0
298

Абай облысы Аягөз ауданында мыс балқыту зауыты салынады

Бұл туралы Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Айбек Рахымбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.Оның айтуынша, бұл жобаны жүзеге асыру арқылы Қазақстан шикізатты емес, дайын өнімді экспорттауға мүмкіндік алады.– Жалпы құны 587 миллиард теңге болатын мыс балқыту зауытының құрылысы Аягөз ауданында жүзеге асырылады. Мұндай кәсіпорын еліміз үшін аса қажет. Қазіргі таңда Қазақстанда тек Балқаш мыс зауыты жұмыс істейді, ал кен мен концентрат шетелге жіберіледі. Егер бұл жоба жүзеге асса, елімізде өндірілетін бүкіл мыс ішкі нарықта өңделетін болады, – деді Айбек Рахымбеков.Сонымен қатар, ол шетелдік инвесторлардың қатысуымен аймақта бірнеше жоба сәтті іске асырылып жатқанын айтты. Мысал ретінде Қытаймен бірл…

0
0
189

Абай облысында атаулы әлеуметтік көмекпен 36 мыңнан астам адамды қамту көзделген

Аймақта биыл атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 36 371 адамға беру жоспарланған. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айман Нұрлыбектің айтуынша, биыл 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі халықтың медиандық кірісінің 35%-ы мөлшерінде, бірақ өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен емес мөлшерде белгіленді.– Бүгінде Абай облысының 2 қаласы мен 10 ауданында Мансап орталықтары жұмыс істейді. АӘК-ке мұқтаж азаматтарды қабылдау үшін 111 маман қызмет атқарып отыр. Биыл атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 5,8 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, 6 878 балаға қосымша төлемдер ретінде 391 млн теңге қарастырылған, – деді Айман Нұрлыбек.Жыл басынан бері облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек 2 011 отбасындағы 10 3…

0
0
233