Жандүниені жаулап алған жаһандық құбылыс
Қазіргі таңда ғаламторсыз өмір сүру қорқынышты түс секілді. Ғаламтор заманымыздың ажырамас бір бөлігі. Адамның санасын жаулап алып, оны түбегейлі өзгертуге ықпал етті.Ақпарат алу, тарату және коммуникацияға түсудегі ең жылдам әрі тиімді әдісі екені анық. Бұл ғаламтордың өмірді жеңілдетудегі пайдасы болғанымен тигізетін зардаптары ұшан-теңіз. Ғаламтор адамның жандүниесіне, психологиясына кері әсер етіп, ғаламторға тәуелділік деген үлкен проблеманы туындатты. Виртуалды әлемнің бір бөлігін құрайтын адамдар шынайы өмірден алыстап, өзінің жандүниесін онлайн әлемге бағыттайды. Яғни, екі әлемнің тепе-теңдігін сақтай алмайды. Бұл көбінесе стресстік күйге түскенде, шынайы өмірге көңілі толмағанда және эмоциялық қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмаған жағдайда тап болатын үдеріс. Тіпті, бастапқыда ө…
