тұрғындарымен кездесті. А.Үмбеталиев, Н.Аширов, Г.Тәжібаева, Е.Исақұлов, С.Саипов, Е.Аманқұлов сайлаушыларға үміткердің сайлауалды бағдарламасын кең көлемді түсіндірді. А.Үмбеталиев алдағы сайлаудың саяси маңыздылығына тоқталды.- Мемлекеттің дербестігі, ұлттың азаттығы, қоғамның еркіндігі – ешқашан, еш нәрсеге айырбасталмайтын ұлы құндылық. Мұны баршамыз бағалауымыз тиіс. Бұл, шын мәнінде, тарихи мағынаға ие жаңғыру болмақ. Сондықтан, еліміздің әрбір жауапты азаматы осы маңызды кезеңде адал қызмет етуі, науқанға белсенді ат салысуы қажет-деді ол.Ал, Н.Аширов Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басқандығын жеткізді.- Біздің алдымызда түбегейлі саяси, экономикалық реформаларды табысты іске асыру, демократиялық қағидаларға негізделген жаңа, Әділетті Қазақстанды құру міндеті тұр – деген ол…