Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Қазіргі заман өлшемімен алғанда азаматтық қоғамы ілгерілемеген елдің заман талабына, уақыт сұранысына сай дамуы қиын. Азат күннің алтын қазығы аста-төк қазба байлығы емес, азаматтық қоғам қалыптастыру екенін түйсінер кез келді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауында «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ аса маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет», - деген болатын. Президенттің бұл сөзінен халық пен атқарушы биліктің ортақ мүдде орайында ықпалдасуының, қоғамдағы белсенділігі жоғары адамдардың заң шеңберінде бірлескен іс-қимылының маңыздылығын ұғамыз. Себебі азаматтық қоғамның белсенді болуы адам капиталын, әлеуметтік-экономикалық дамудың, демократиялық құндылықтардың ел игілігіне айналуының негізгі алғышарттарының бірі.

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенттіге кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб өкілдері С.Сиражев пен Ж.Қажғалиев аудандағы азаматтық қоғам өкілдерімен кездесіп, кандидаттың "Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрбіріміз үшін. Қазір және әрдайым" - атты сайлаулады бағдарламасын таныстырды.

#Toqaev2022

0
0
206

Еще по теме