Перейти к содержимому
Разное

Разное

425 543 постов51 подписчиков

Всяко-разно

ТУҒАН ЕЛ – ӘР АДАМНЫҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық музей бөлімі жерлестерімізге патриоттық тәрбие беріп, олардың бойында ұлтжандылық қасиетін арттырып, өз туған жеріне сүйіспеншілікпен қарауды ұштау бағытында түрлі танымдық шаралар, көрмелер, дәрістер, музей сағаттарын ұйымдастырып, музей залдарына экскурсиялар жүргізуді ұдайы ұйымдастырып келеді.Бүгін, 2 қараша күні Жәнібек ауданының құрылғанына 100 жыл толу мерейтойы аясында аудандық білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұжымы аудандық тарихи-өлкетану музейіне саяхатқа келді.Туған елге, жерге, оның топырағына деген сүйіспеншілік – әрбір жан үшін аса киелі ұғым, ыстық сезім. «Ел іші – алтын кеніш» дегендей, музей қорындағы жерлестеріміздің бүгінгі күнге дейін көзінің қарашығындай са…

0
0
223

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ.

Халықтық коалиция атынан ұсынылған Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдауға бағытталған аудандық штаб мүшелері Рауан Қуанышев пен Арайлым Дильманова Саралжын ауылындағы көп балалы аналармен кездесу өткізді. Кездесуде Қасым-Жомарт Кемелұлының өмірбаяны "ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: БӘРІМІЗ ЖӘНЕ ӘРҚАЙСЫМЫЗ ҮШІН. ҚАЗІР ЖӘНЕ ӘРДАЙЫМ" атты 7 жылдық бағдарламасының аталуының өзі барлық азаматтарға бағытталғандығын, -Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Ең алдымен экономика, әлеуметтік сала мен өңірлік саясаттағы түбегейлі өзгерістер туралы бастама көтермекпін. Алдағы реформалар халықтың мұң-мұқтажына тиімді жауап болмақ, сонымен бірге сыртқы сын-қатерлерге қарсы тұрақтылығымызды күшейтпек.Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанда әділеттілік орнату. Ол үшін…

0
0
192

• КЕЗДЕСУЛЕР КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС ӨТУДЕ

Халықтық коалицияның Түркістан облыстық қоғамдық штабының мүшелері мен сенімді өкілдері сайлауалды насихат жұмыстарын күнделікті кестеге сәйкес өткізіп келеді. Бүгінгі жоспарланған іс шараларда жоғары деңгейде өтті.Облыстық штаб мүшесі М.Дәулетов Созақ ауданы Құмкент ауылының тұрғындарымен кездесті. Жиынға штаб төрағасының орынбасары, Созақ аудандық «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Е.Сағындық және қоғамдық штаб мүшесі Айбар Күзенбаев қатысты. М.Жұмаханұлы кандидаттың сайлауалды бағдарламасына сәйкес алдағы уақытта елімізде әлеуметтік саланың дамуына басымдық берілетіндігін жеткізді.- Президенттің саясаты мен іс-қимылы, бірінші кезекте, мемлекет мүддесін қорғап, ел тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Халықтың қалауы да – осы!»- деді ол.Ал, Е.Сағындық ҚР Президент…

0
0
239

• ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАУҒА ШАҚЫРДЫ

Бүгін ҚР Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері Д.Тәңірбергенов, Ж.Құлбайымбетов пен Ғ.Сарсенбаев Түркістандағы Конгресс хол кешенінде өнер майталмандарымен кездесті.Жиында сөз алған қалалық штаб төрағасы Ғаппар Сарсенбаев сайлауалды бағдарламаның басым бөлігі еліміздің әлеуметтік–экономикалық дамуына, яғни, әлеуметтік көмек көрсету, мектеп, аурухана салу, мемлекеттің қаржысын тиімді пайдалану, бала капиталын жетілдіру секілді өзекті мәселелерге арналғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, тұрғындардың әлеуетін көтеру мақсатында түрлі бағдарламалар қолға алынатынын айтып, азаматтарды сайлау күні таңдау жасауға шақырды.Сондай-ақ, қоғамдық штаб мүшелері С.Ахтаев, А.Сахов, Т.Әміралиев пен Ж.Амангелдиев «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Төлеби ауда…

0
0
228

• ТҰРҒЫНДАР ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУҒА АТСАЛЫСАДЫ

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі штаб мүшелері М.Шылмырзаев пен А.Қайназаров Жетісайдағы Қазыбек би ауылдық округінде сайлаушылармен кездесті.Кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырған сенімді өкілдер жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, шетелдіктерге жердің сатылуына жол берілмейтіндігі, мемлекет басшысының қазақ тілінде білім беретін мектептер мен балабақшаларды көбейтуге, мемлекеттік тілдің қоғам өмірінің бар саласында қолданылуын кеңейтуге ықпал етіп, дәстүрлі мәдениет пен ұлттық спорт түрлеріне қолдау көрсетуді жалғастыра беруге мүдделі екендігін жеткізді. Сонымен қатар, балалар мен студенттердің сапалы білім алуына жағдай жасалатынын айтып, жастар саясатына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.Сондай…

0
0
201