Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ.

Халықтық коалиция атынан ұсынылған Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдауға бағытталған аудандық штаб мүшелері Рауан Қуанышев пен Арайлым Дильманова Саралжын ауылындағы көп балалы аналармен кездесу өткізді. Кездесуде Қасым-Жомарт Кемелұлының өмірбаяны "ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: БӘРІМІЗ ЖӘНЕ ӘРҚАЙСЫМЫЗ ҮШІН. ҚАЗІР ЖӘНЕ ӘРДАЙЫМ" атты 7 жылдық бағдарламасының аталуының өзі барлық азаматтарға бағытталғандығын, -Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Ең алдымен экономика, әлеуметтік сала мен өңірлік саясаттағы түбегейлі өзгерістер туралы бастама көтермекпін. Алдағы реформалар халықтың мұң-мұқтажына тиімді жауап болмақ, сонымен бірге сыртқы сын-қатерлерге қарсы тұрақтылығымызды күшейтпек.

Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанда әділеттілік орнату. Ол үшін өткеннен сабақ алып, өткеннің қателігін түзетіп, қордаланған мәселелерді шешу керек, - деп басталуының өзінде үлкен мән жатқандығын айтты. Әсіресе ауыл тұрғындары үшін ең өзекті мәселелер:

•• 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын 18 жасқа толғанға дейін баланың жинақтаушы шотына аудара отырып, «Ұлттық қор – балаларға» жалпыхалықтық бастамасын іске қосамыз.

• «Самұрық-Қазына» қоры таза табысының кемінде 7 пайызын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына жыл сайын аударуды қамтамасыз етеміз.

• Уақытша жұмыссыз азаматтарды қолдау жүйесін күшейтеміз.

• 2023 жылдан бастап жұмысынан айырылғаны үшін берілетін әлеуметтік төлем мөлшерін табыстың 45 пйызына дейін ұлғайтамыз.

• Ерекше қажеттілігі бар азаматтарды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша әлеуметтік жобаларды «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арқылы жүзеге асырамыз.

• Ерекше қажеттілігі бар азаматтарды туғаннан бастап жеке қолдаумен қамтамасыз етеміз.

• Ерекше қажеттілігі бар барлық азаматқа Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қызметті, тауарды, жеткізушіні, ұйымды және әлеуметтік қызметкерді таңдау мүмкіндігін ұсынамыз.

• Бірінші топтағы мүгедек адамды күтетін отбасы мүшелеріне жалақы, әлеуметтік аударым төлеп, еңбек өтіліне қоса отырып, оларды жеке көмекші ретінде рәсімдеу мәселесін шешеміз.

• Балалардың арнаулы мекемелерін балаларды қолдау орталығы ретінде қайта құрамыз.

• Жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алатын кәсіби отбасыларға балаларды орналастырудың баламалы нысанын енгіземіз.

• Әр мекемеге бір жүгінбей, мемлекеттік қолдауды проактивті форматта алу үшін адам өмірінің барлық бағытын қамтитын отбасының цифрлық картасын енгізуді аяқтаймыз. Ақпараттық жүйе мемлекеттік көмекті арнаулы түрде және әділ көрсетуге мүмкіндік береді.

• Табысы төмен отбасынан шыққан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакеттегі көмекті азық-түліктен ақшалай түрге ауыстырамыз.

• Бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем мерзімін 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұлғайтамыз.

• Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық қызметке жұмсалатын шығынның кемінде 30 пайызының өтемақы тетігін іске қосамыз.

• Жеке тұлғаның банкроттығы туралы заң қабылдаймыз, - деп жазылуы ауыл тұрғындарының күнкөрісінің ұлғаюына үлкен қолдау, оң серпін екендігін жеткізіп, халықтық коалициядан ұсынылған кандидат Қ.Тоқаевты қолдауға шақырды.

#Toqaev2022

0
0
179

Еще по теме

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ. - Yvision.kz