СОЗАҚТЫҚ ТАРИХШЫ БЕЛСЕНДІЛІГІМЕН КӨЗГЕ ТҮСТІ
«AMANAT» партиясының Созақ аудандық филиалында өткен «AMANAT-LIDER» пікірсайыс додасына 12 спикер қатысты. Оның 6-ы жергілікті мектеп мұғалімдері. Азаматтардың шешендік өнері сынға түсетін бәсекеге партияның Созақ аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ернар Сағындық, аудандық мәслихат хатшысы Бегімбет Байғараев, ақын Гүлнар Өмірбек, «Созақ үні» газетінің жауапты хатшысы Мақсат Қарғабай, аудандық тілдерді дамыту орталығы мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры Ролан Әлжанов әділ қазылық етіп, қатысушыларды бағалады. Мыңжылқы мәдениет үйінде өткен пікірталас байқауына ұстаздардан бөлек заңгер, кітапханашы және балабақша тәрбиешілері, Үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер де қатысты. Сайыс 2-кезеңнен тұрды. Алғашқы бөлімде спикерлерге «Жаңа Қазақстанды құрудағ…

