Перейти к содержимому
Екпiн
Екпiн

Екпiн

451 постов4 подписчика

Дарынды жастар мен замандастарымыздың өмірлік тәжірибесі, мақсаттары, ойы, ұстанған қағидалары жайында сөз етеді. Фоторепортаж, шолу, тарихи маңыздылығы бар материалдармен бөліседі.

Ерасыл мектепке барады

Кішкентай Ерасыл бүгін алғашқы рет мектеп табалдырығын аттады. Анасы Гүлзираның айтуы бойынша ол үйдің кенжесі, әрі ағасы екеуінің арасы 16 жыл болғандықтан өте ерке. Бірақ кішкентайынан зерек, өте ақылды, әрі шапшаң жігіт. Ал енді бірінші сыныпқа барған Ерасылдың қолына гүл шоғын алып, алғашқы ұстазына жеткенге дейіңгі хикаясынан фото шолу ұсынамыз. Ерасыл сақадай сай дайындығымен білім ордасына жол жүріп барады. Осы сәтті пайдаланып, біз оны сөзге тартқан едік. - Ерасыл демалысың қалай өтті? - Жақсы. Жазда Музей Жамбылда болдым. Әкеме көмектестім. Жылқы бақтым. Бірақ демалысымның көп уақыты үйде өтті. - Ауылда жақсы ма екен, әлде қалада ма? - Ауылда. - Неге? - Жылқыға мінесің, сиыр бағасың. - Мектепке барғың келеді ме? - Барғым келеді. - Мектепке дайындығың қалай? - Жақсы. Балабақшада Э…

9
9
8762

«Street Dance Almaly»

23-24 маусым күндері қаламызда «Street Dance Almaly» атты көше билерінің байқауы болып өтті. Бұл байқауға 100-ден аса кәсіби бишілер мен әуесқойлар break dance, hip-hop, all styles бағытында бақ сынасты. Осы шараға «Екпіннің» журналистері де барып қайтқан болатын. Іңкәр, 15 жаста, Алматы: Мен ешқандай арнайы студияларға барып дайындалмаймын. Жай әуесқой бишімін. Бұл байқау жайында анам теледидардан көріп, маған айтты. Сөйтіп аяқ астыннан осында келіп қалдым. Бұндай байқауға бірінші рет қатысып тұрмын. Ерболат, 18 жаста, Түркістан қаласы: Бимен айналысып жүргеніме бір жарым жыл болды. Алғашқы қызығушылығым сегізінші сыныптан басталды. Содан бастап кинолардан, интернеттен түрлі шетелдік бишілердің билерін көріп, билеуді үйрендім. Бүгінде Түркістан кәсіби педагогикалық колледжде оқимын. Оқуы…

8
5
1226

Махаббат бар

Осыдан он жылдай бұрын елімізде 15 сәуір – Ғашықтар күні деп белгіленіп, Қозы Көрпеш - Баян Сұлу құрметіне аталған болатын. Бүгінгі материал осы мерекеге арналған, алдарыңызда ғашық жүректер мен олардың қызықты хикаялары. Елдос пен Сұлупан Бұл ерекше көңілді жұп осыдан жарты жыл бұрын танысқан. Екеуі де әлеуметтік желі арқылы танысып, шынайы махаббатын табуға болатынына ешқашан сенбейтін, алайда тағдыр екеуін дәл осылай қосты. Елдос та, Сұлупан да табиғатты жақсы көреді. Сондықтан қаланың шуынан біраз дем алып, саябақтарда, қала сыртында серуендеуді ұнатады. - Сүйіктің жасаған естен кетпес сыйлық? Сұлупан: Жігітім – романтик. Сондықтан оның әр сыйлығы есте сақталады. Мысалы, ең алғаш сөз салғанда екеуіміз шам жақтырып, аспанға жібергенбіз. Ал ең бірінші сезімін білдіргенде балконымның аст…

Арулар - асыл жандар!

8-наурыз - ең әдемі мереке деп ойлаймын. Барлық аруларымызды осындай тамаша күнмен құттықтай отырып, көңілдеріңіз көктемдей құлпырсын деймін. Сол арулардың ішіндегі ең сұлу, ең нәзік жан - менің сіңлім Әсел. Ол қазір менің жанымнан алыста, өзін қатты сағынып жүрмін. Менің қамқоршым, менің ең жақын адамым Әселге тек жақсылық, амандық тілеймін. Еркелігі ешқашан басылмасын. Маржан, ивент-менеджер Қазақстанның барша ару қыздарын, аяулы аналарын, асыл әжелерін көктемнің көрікті мейрамымен құттықтаймын! Жандарыңыз сұлулыққа, нәзіктікке ұмтылсын. Әрқашан да сәнді де әдемі болып жүріңіздер. Шабыт көзі сіздер екендігіңізді ұмытпағайсыздар. Зарина, дизайнер Қылықты қыздар, қуаныштарыңызбен! Гүлге бөлеп жабырқаған күз бағын, Сезбейміз-ау өмірдің суық ызғарын. Жігіттердің жайраң қағып жүргені, Біле б…

Вы дошли до конца ленты сообщества