Перейти к содержимому
Культура
Культура

Культура

1 126 постов508 подписчиков

Культура Казахстана — это уникальное переплетение кочевых традиций, восточной мудрости и современного развития. Она основана на богатом наследии тюркских народов, где особое место занимают гостеприимство, уважение к старшим и гармония с природой.

Сахи Романов туралы

Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романов Александр Иванович (1926 -2002) Қызылорда облысының Қазалы ауданына қарасты Қарақұм ауылында дүниеге келген.

Өмірбаянына қарап отырып, әкемнен бір жас үлкен екенін байқадым және оның балалық шағы Ашаршылық заманына тұспа тұс келген ғой деп ойлап үлгердім де, жанталаса ақпар іздедім. Болжамым алдамапты.

Әке-шешесі репрессия құрбаны екен. Соған қарағанда зиялы қауым өкілі болар деп болжаймын. Ал, жастайынан жетім қалған Сахи Қазақстан ғана емес, Ресейдің, Украинаның талай балалар үйінде тәрбиленіпті. Бір ғана балалар үйінде өспей, бәлен республикада болуы ол да зерттеуді талап етер тақырып.

0
0
4329

🎭 Деректер туралы ғылым БББ студенттері театрда: «№13» номер

Студенттер кураторларымен және аға кураторымен бірге «Номер 13» – детектив элементтері бар ситуациялардың тапқыр комедиясын тамашалады. Қойылым тек жарқын ғана емес, күтпеген жерден шабыттандырды.Деректер ғылымы саласындағы білім тек логика мен аналитикалық ойлауды ғана емес, сонымен қатар шығармашылықты, эмоционалдық интеллектті және стандартты емес шешімдерді көре білуді талап етеді.Театрға бару: - мәдени көкжиектерді дамыту, - жаңа эмоциялар мен әсерлер, - қарқынды оқудан кейін «қайта жүктеу».Куратор-эдвайзер: Базарбек Жания Пархатқызы

0
0
3021