«Отбасылық құпиялар» = «Семейные секреты»
Отбасы күні қарсаңында № 8 жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушыларына арналған «Отбасылық құпиялар» атты әдеби микс ұйымдастырылды. Іс-шара отбасының құндылығына, өзара түсіністікке, жақын жандар арасындағы қамқорлық пен құрметке арналды. Шара барысында балалар үй мен отбасының маңызы туралы әңгімелесіп, отбасылық құндылықтарға байланысты халық мақал-мәтелдерін еске түсіріп, тақырыптық жұмбақтарды шешті. Қатысушылар В. Осееваның «Печенье» атты әңгімесімен танысып, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талқылады. Олар жақын адамдарға қамқорлық көрсету, көңіл бөлу және құрметпен қараудың маңыздылығы туралы қорытынды жасады. Іс-шара соңында «Жүрекшені сыйла» атты интерактивті ойын өткізілді. Оның барысында қатысушылар бір-біріне ізгі тілектер айтып, жылы сөздер мен комплименттер сыйлады. Кезд…








