Yvision.kz
kk
0
10:42, 16 апреля 2024

ҚазҰУ студенттері тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың себеп-салдары жайлы іс-шара өткізді

Заман дамып, қоғам көркейе ме деген шақта тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі белең алуда. Өркениетті қоғам құруға деген ұмтылысқа тұрмыстық зорлық мәселесі кедергі. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық – отбасыдағы физикалық күштірек адамның отбасы мүшелерінің біріне (әйеліне, баласына) күш көрсетуі, психологиялық тұрғыда қысым көрсетуі, манипуляциялық жолмен құқығын шектеуі. Тұрмыстағы зорлық-зомбылықта жәбірленуші тарап 99,9% әйелдер мен балалар. Демек, тұрмыстық зорлықтың басты қозғаушы күші ер адамдар. Тұрмыстағы зорлық салдарынан әйел өлімі орын алғаны жайлы ақпараттар БАҚ беттерінде көрініс табуда. Сондықтан мұны жасырып қалу, өлімнің себебін бұрмалау мүмкін емес.

Әлемдік зерттеушілер анықтаған статистикаға сүйенсек, БҰҰ 2020 жылы әйелді өлтіру жиілігін пайызбен емес, оқиғалардың жалпы санымен өлшеген санақ бойынша: Азияда 18600; Африкада 18100; Америкада 7300; Европада 2600; Океания елдерінде 300 өлім анықталған. Бізде әйел өліміне қатысты бап, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң немесе бап, сондай-ақ әйелін өлтірген ер адамдармен жұмыс істейтін құқық қорғау органдары болмағандықтан, Қазақстандағы әйел өлтіру фактілерінің нақты санын анықтау қиын болды.

Елімізде күн сайын 137, әр сағат сайын 5 әйел мен қыз, тәулігіне 1 бала фемицид құрбаны болады. Фемицид – әйел адамдарға, балаларға (жұбайы , қарындасы, әпкесі немесе бейтаныс қыз баласына, ұл-қыздарына немесе бейтаныс бүлдіршіндерге) физикалық және психологиялық тұрғыда әлімжеттік көрсетуші. 2020 жылы 81000 әйел мен қыз қаза болған. Фемицидтің 56% өте жақын адамдары жасаған.

2006-2016 жылдары ҚР гендерлік теңдігі стратегиясы даярланған болатын. 2009 жылы «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері туралы» арнайы заң қабылданып, өз күшіне енді. 2016 жылы ҚР 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат бағдарламасы ұсынылды. Десе де, нақты әйелдер мен балалардың құқығын, қауіпсіздігін қорғайтын арнайы заң күні бүгін ғана президенттің мақұлдауымен Конституцияға енді. Нақты «Тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заң қабылдануы үшін қаншама әйелдер мен балалардың жапа шегуі керек пе? Әлде әйелдер міндетті түрде күйеуінің қолынан қаза табуы қажет болды ма? Бүгінде қоғам осы аталған сауалдарды ортаға салып, сарапшы мамандар пікір айтып, азаматтарды сауатты, адекватты, саналы тұлға болуға шақыруда.

Осы тұрғыда ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінің студенттері тарих факультетінің оқытушысы, қауымдастырылған профессор Тасилова Назия Айтбайқызының жетекшілігімен «Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбы бойынша конференция ұйымдастырды. Іс-шара аясында студенттер арнайы сюжет дайындады. Сюжетте пікір берушілер: журналист Нұрсейіт Жылқышыбай, дебатер Құнанбай Мұхитұлы және т.б. қоғам белсенділері. Тұрмыстық зорлық орын алған шақта адамның жеке құқығы тапталады. Осы ретте, заңгердің пікірі аса маңызды. ҚР мәжіліс депутаты, заңгер, қоғам қайраткері Абзал Құспанның айтуынша, ер мен әйелдің, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты заң, норма, кодекс арқылы түзей алмаймыз. Қылмыстық кодекс – тәрбие құралы емес. Құйтырқы әрекеттерді алдын-алуға бағытталған профилактикалық шаралар, халықтың санасы арқылы ғана тәрбиені нығайтуға болады. Ал кодекс болары болып, бояуы сіңген шақта жазалау процессі. Мәселенің себебімен күресу емес, салдарын анықтап, алдын-ала қамдану тиімді тәсіл.

Сарапшы заңгердің пікірін сұрап, әзірлеген бейне-роликтен жастардың саналы түрде тұрмыстағы зорлыққа қарсы әрекетін, алдын алу шараларына белсене араласуын байқауға болады. Өйткені қоғамды түзейтін, өзгертетін басты қозғаушы күш – жастар. Ал жастардың тұрмыстық өмір туралы түсінігінің оң қалыптасуы, отбасы мүшелерінің құқығын біліп өсуі – бақытты елдің басты алғышарты.


0
201
0