Yvision.kz
ru
  • 0
    06:59, 19 мамыр 2024

    Елімізде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

    "Қазгидромет" болжамы бойынша 19 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
    undefined
    Солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, республиканың орталығында жаңбыр, бұршақ жауады.
    Республика бойынша шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді.
    Еліміздің оңтүстігінде жел соғады, солтүстік-батыс пен солтүстікте тұман түседі.
    Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қызылорда Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында жоғары өрт қаупі және Абай облысының оңтүстігінде, Үржар ауданында, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі бар.

    @qazaqstantv

    0
    231
    0
  • 0

    Иран президенті мінген тікұшақ қиын жағдайға ұшырады

    Иран президенті Ибрахим Раиси мінген Ми-171 тікұшағы жерге өте жайсыз қонған. Бұл туралы IRIB мемлекеттік телеарнасы хабарлады.

    undefined

    Колоннада ұш тікұшақ болған. Министрлер мен басқа да шенеуніктер мінген екі әуе көлігі межелі жерге аман-есен жетіпті. Ал Иран президенті Ибрахим Раиси мен сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдулахиян отырған тікұшақ Әзербайжанда жерге өте жайсыз қонып қалған.

    Осы оқиға болғанға дейін Раиси екі елдің шекарасында Әзербайжан президенті Илхам Әлиевпен кездескен. Онда жаңа "Худаферин" және "Гыз-Галасы" су тораптарының ашылу салтанаты өтті.

    0
    129
    0
  • 0

    Қытайда жойқын су тасқыны болып жатыр

    Қытайда нөсер жауын жойқын тасқынға ұласты. 50 миллион тұрғыны бар Гуанси өңірін су алып кетті.

    Кей аудандарда қызыл су көшелер мен үйлердің бірінші қабаттарын басып қалған.

    Билік аталған аймақта ауа райы қаупінің "қызыл" деңгейін жариялады. Су басқан аудандардан тұрғындар эвакуацияланып жатыр.


    t.me/sputnikKZ

    0
    100
    0
  • 0
    08:55, 19 мамыр 2024

    Жүргізушінің жүрегі ұстап қалған: Павлодарда автобус апатқа ұшырады

    Павлодарда автобус жүргізушісінің жүрегі ұстап қалып, соның салдарынан жол апаты болды.

    undefined

    Фото: @tipavlo.dar

    Қайғылы оқиға қаланың қақ ортасында болған. Қоғамдық көлік жүргізушісі өзін жайсыз сезініп, тізгенге ие бола алмай қалады. Соның салдарынан автобус трамвай бағанасына барып соққан.

    Жүргізуші жедел жәрдем каретасында қаза тауыпты.

    Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

    0
Тамаша, сіз бәрін көрдіңіз!