место в рейтинге
  • 4569
  • 1
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Мәселе тек ҰБТ-да ма?

Мәселе тек ҰБТ-да ма?

Соңғы айлардың ең көп талқыланатын және толғандыратын тақырыптарының бірі – ҰБТ-ның 2015 жылға қарай тоқтатылуы. Осы күнге дейін тестілеуді сынап келгендер бұл жаңалықты қуана қарсы алса, отандық дәстүрлі емтихан жүйесінен көңілі қалғандардың ойларына күдік ұялады. Мәселе өте өзекті және толық-қанды зерттеуді қажет етеді.

Алдымен емтихан жүйесінің тарихына қысқаша тоқталайық. Тәуелсіздігімізді алғаннан бастап, елімізде жоғары оқу орнына қабылдау ережесі, бұрынғы КСРО-дағыдай болып қала берді, яғни мектепті бітірген талапкерлер ЖОО-ның өзіне барып, комиссия алдында ауызша-жазбаша емтихан тапсыратын. Бұл кезде оқуға түсу үлкен саудаға айналды. Өйткені жүзбе-жүз емтихан қабылдау субъективизмге қатты жол беретін және 90 жылдардың қиын жағдайы, оқытушылар жалақсының төмендігі жаппай парақорлық пен тамыр-таныстыққа әкелді. Нәтижесінде, оқуға ақшасы бар мен «көкесі» мықтылар түсті, әрине өз білімімен түскендерді жоққа шығармаймыз, алайда олардың саны өте аз еді. Бір қызығы бұл кезде мектеп бітіргендер тұтастай жоғары білім алуға ұмтылмайтын.

2001 жылы, алғаш рет тестілеу енгізілді. Бұл кезде талапкерлер сол баяғы ЖОО қабырғасына баратын, бірақ бұрынғыдай емтихан емес, тест тапсырды. Алғашқы тест сұрақтары мағыналы, мазмұнды болды. Көптеген білімді балдарға таза жолмен мемлекеттік грантты жеңіп алуға жол ашылды. Дегенмен жоғары білім алуға ұмтылған жастар саны әлі де аз еді.

Жаңа тәжірибе салыстырмалы түрде сәтті жүргізілген соң, 2004 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Енді тестілеуге мектеп бітірген оқушылардың бәрі қатысатын болды. Осы кезден бастап оқушылардың түгелдей университеттерге ағыла бастады. Жоғары білім алмау бұдан былай ұят саналды, яғни бүгінде біз айтатын «қазақша менталитет» қоза түсті. Сондай-ақ, тестке байланысты айыптар тағыла бастады: сұрақтардың жеңілдігі, әсіресе Қазақстан тарихы бойынша, тесттің жаттандылығы, мектептегі өзге пәндердің назардан тыс қалуы және т.б.

2004-2005 жылдары ҰБТ-ға байланысты үлкен дау-дамай туындайды, 120 балл, яғни максималды ұпай алғандар саны күрт артып кетті. Бұл дайын жауаптардың сатылғандығын көрсетті. Алайда кімде-кімді жазалау оңай болмады, себебі тесттің жауаптары Тест орталығының директорында, Білім және ғылым министрінде және Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасында болды. Бұл дегеніміз ақпарат таралған жағдайда нақты кінәліні табу мүмкін емес болғанын білдіреді. Бұл жағдай 2006 жылы тағы қайталанды, тек 2007 жылы жағдай өзгеріп, 120 балдық тест жауаптарын сату тоқтатылды, ә     йтсе де кілт сату жалғасып жатты. Бірақ білім саласының құзыретті мамандары қулыққа басып, дайын жауаптың 120-сында дұрыс қылмай, 12-сін қате қылып шығарды. Мұны бір мектептің балдары қатарынан 108 балл алуынан байқауға болады, бір қызығы, олардың төрт пән бойынша алған ұпайлары тұп-тура бөлінген және бірдей еді.

2008 жылы тестке шағын реформа жасалды, пән саны 5-ке артып, сұрақтар 125-ке жетті. Сұрақтар жаңа кітап бойынша, басынан жасақталғандықтан, көптеген оқушылар тестілеуден өте нашар ұпай жинап, түрлі реніштер туындап жатты.

Айта кететін жайт, тестілеудің орташа балы жыл сайын артып отырды, бұл тесттің жаттанды дүние екенін және оның тез арада меңгерілетінін көрсетті. Осыған байланысты ҰБТ-ны сынаушылар күрт артып, қоғамдық деңгейге көтерілді.

2012 жылы «Р.Рымбаеваның пәтерінде неше бөлме бар?», «Н.Назарбаевтың белдігінің түсі қандай?» деген секілді сұрақтар пайда болғанын естідік. Оған қоса тест күні талапкерлерді шамадан тыс қатты тексерді деген айыптар да тағылып жатты. Сондай-ақ, көп мамандардың пікірінше,  оқушылардың тест сұрақтарын жаттап алуы, олардың логикалық ойлау қабілетін төмендетеді. Осы сияқты ҰБТ-ға қатысты сыни көзқарастар, дау-дамайлар қоғамда жетіп артылды.

Тексерілудің қатаң болғаны рас, алайда, оқушылар да тестілеуге таза барды деп айта алмаймыз, қатаң да болса, тексерістің арқасында көптеген қосымша құралдар тәркіленді. Әрине, кей жерлерде тексеріс жүргізуде артық кеткендер де болды және олар жазасын алуы тиіс.

Ал жаттандылыққа келер болсақ, мұны жан-жақты талқылауға болады. Біріншіден, көптеген мектептерде 10 және 11 сынып оқушылары қажетті пәндерді оқудың орнына тест жаттайды, бұл әрине дұрыс емес. Алайда мұның өзіндік объективті себептері бар. Ауданда болсын, қалада болсын мектептердің рейтінгісі жүргізіледі және ондағы негізгі критерий Ұлттық бірыңғай тестілеу болып табылады. Рейтингіден төмен орын алу мектеп директоры үшін, жалпы мектеп үшін үлкен қауіп-қатерге толы, сол себепті мектеп басшылығының негізгі мақсаты оқушыға сапалы білім беру емес, тестілеуден қайткен күннін өзінде жоғары ұпай жинау. Сондықтан, мектеп рейтінгісінен ҰБТ-ны алып тастау қажет. Тек сонда ғана мектеп ұстаздары таза білім беруге көшеді.

Екіншіден, ҰБТ кезінде оқушылар сұрақтарды тек жаттап алып, оның мазмұнын білмеуі, өкінішке орай, рас. Алайда, бұл мәселе барлық пәнге қатысты болмауы мүмкін. Бұл қиындықтар көбіне тек Қазақстан тарихы және әдебиет пәндеріне тән.

Қазақстан тарихы бір ғана елдің тарихы және ол туралы ақпарат дүние жүзі тарихына қарағанда аздау, сол үшін Қазақстан тарихы пәнінің сұрақтарын жыл сайын жаңарту қиынға соғады. Тест жасаушылар маңызсыз сұрақтарды қосуға мәжбүр. 2003-2004 жылдары сұрақтарын сапасы жоғары болған, алайда талапкерлерге оларды жаттап алу түкке тұрмады. Одан да күрделі сұрақтар ойлап табайын десе, мектеп бағдарламасынан асып кете алмайды.

Ал, әдебиетте мәселе бұдан да күрделі. Қалайша біз ақын-жазушылардың том-том романдарын, парақ-парақ өлеңдерін 25 тест сұрағына енгізіп қоямыз?!

Сондықтан, осы екі пәнге қатысты тест құрылымын түбірлі өзгерту қажет. Қалай? Бұл екі пән бойынша, сұрақтар дайын жауаптарсыз жасалуы қажет. Оқушылар сұрақты оқып өз жауабын қолмен жазулары тиіс (ағылшындардың IELTS деп аталатын тестілеу жүйесінде осындай тәжірибе бар) және бүкіл сұрақтардың жауабы бір параққа сиятындай болуы керек. Оқушылар сұрақтардың жауабын жазғаннан кейін олардың жауап парағы сканерленіп, Астанаға, яғни Білім министрлігіне жіберіледі. Ал, министрлікте орналасқан негізгі компьютер жауаптарды алып, шифрлап, тексеру мақсатында әртүрлі облыстарға, аудандарға қайта жібереді.

Бұл жағдайда, Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында тапсырылған тест жауабын Солтүстік Қазақстан облысындағы бір мектептің тарих пәнінен беретін мұғалімі тексеруі мүмкін және ол мұғалім кімнің еңбегін тексеріп отырғанын мүлдем білмейді, сәйкесінше, адал жолмен тексереді.

Мұндай қиын жүйені енгізудің басты мақсаты – объективтілік.

Ал басқа пәндерге келетін болсақ, жеке-жеке тарқатып қарастыруға болады. Дүние жүзі тарихы. Бұл пән өте қызықты және әртүрлі танымдық ақпараттарға бай, яғни шексіз көп сұрақтар жасауға ресурс жетеді. Ал егер де сол шексіз көп сұрақтарды оқушы жаттай алса, оқушыларымыздың миы компьютер деп түсінсек болады.

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі. Бұл пәндерге қатысты жауап жаттау айыбы орынсыз. Себебі, аталмыш пәндер бойынша, сұрақтар көбінесе мысал күйінде келеді және ол мысалды шексіз ауыстыра беруге болады. Егер де оқушы ережені білмесе жауап бере алмайды.

Математика, Физика, Химия пәндерінен сұрақ жаттап жүрген адамды табу қиын, себебі мұнда сұрақтардың басым көпшілігі есеп күйінде. Ал есепті жаңарту аса қиын шаруа емес. Биология, География пәндерінде түсіну де, жаттау да маңызды. Демек, Қазақстан тарихы мен әдебиет пәніне қатысты мәселені шешсек, ҰБТ-ның басты кемшілігі жойылады.

Қорытынды есебінде. Қазіргі таңда тестілеу жүйесінен бас тартуға болмайды. Өйткені бұл жүйе жаман да болса, белгілі бір деңгейдегі объективтілікті сақтап отыр. Ал жер жерлердегі тәртіпсіздік, ол тесттің кінәсі емес, құзырлы органдардың өз қызметтерін дұрыс атқармауының зиянды салдары. Емтихан жүйесінің әлсіздігін бүгінгі магистратура мен докторантурадан байқауға болады. Бірінші турға, яғни тестілеуге әсер ете алмаған кафедра меңгерушілері, декандар, екінші турда ойларына келген бағаны қойып, көптеген жас ғалымдардың тағдырына өздерінше нүкте қоюда. Бәлкім, болашақта халықтың санасы дұрысталып, емтихан жүйесін, эссе жазу әдісін енгізуге мүмкіндік туар, сенейік! Алайда дәл қазір жаппай тестілеу – ең дұрыс шешу жолы!

 
Дархан Өмірбек darkhan_omirbek
2 июля 2014, 17:44
1559

Loading...

Комментарии

балдар )) бұл жиналайтын упай ма, әлде балалар ма? екі жерде де қолдана береді екенсіз)
Бірақ идеяныз өте ұнады

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Войдите в ТОП-30 суперавторов Ювижн и зарабатывайте на этом!

Войдите в ТОП-30 суперавторов Ювижн и зарабатывайте на этом!

Дорогие ювиженцы. Соотечественники и соотечественницы. Авторы. Мы возобновляем нашу, не побоюсь этого слова, культовую акцию по вознаграждению топовых авторов. По итогам каждого календарного...
niyazov
вчера / 17:54
  • 81548
  • 71
Не пропущу! Отношение водителей к жизни человека: как уступают дорогу «скорой» в Европе и у нас

Не пропущу! Отношение водителей к жизни человека: как уступают дорогу «скорой» в Европе и у нас

На днях в YouTube появился ролик, запечатлевший совершенно обыденную для европейцев ситуацию. Но для нашего человека – совершенно нетипичную и оттого вызывающую у некоторых из нас слёзы восторга.
openqazaqstan
18 марта 2017 / 20:22
  • 5978
  • 9
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 марта 2017 / 23:10
  • 6026
  • 51
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
вчера / 14:20
  • 4305
  • 0
H&M-ское безумие или Что народу по карману?

H&M-ское безумие или Что народу по карману?

На счет качества: я спросил у знакомых и мне сказали, что та или иная вещь носится сезон. В хорошем случае и бережном отношении немногим больше. Кофточки - моя слабость, наверное...
RustemZhali
18 марта 2017 / 18:32
  • 4568
  • 30
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
23 марта 2017 / 9:25
  • 3685
  • 14
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 марта 2017 / 14:59
  • 3977
  • 75
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
вчера / 11:26
  • 2406
  • 30
Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Покупая бытовую технику в магазинах будьте внимательны. Сейчас практикуется впаривание дополнительных услуг по настройке. Прежде чем оформлять, проверьте суммы и уточните у манагеров если что-то не сходится.
dr_Motor
20 марта 2017 / 2:13